» » Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа екпе салынады

Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа екпе салынады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа оқу жылынан бастап 11 жастағы оқушы қыздарға екпе салына бастайтынын хабарлады. Десе де балаларына екпе салдыру жайы ата-ана еркінде екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Осы жастағы қыздарға екпе салуға себеп - жатыр мойны обырының алдын алу. Нақтыласақ, папиллома вирусына қарсы вакцина тегін салынады.
Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше елімізде осы санатқа енетін 170 мың қыз бар.
«Елімізде жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында биылдан бастап қыздарды папиллома вирусына қарсы вакциналау енгізіледі. 11 жастағы қыздардың ата-аналарына өз балаларын қатерлі дерттен қорғау үшін екпе салдыру ұсынылады. Вакцинация ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі», деді Ажар Ғиният.
Министр екпе мектептің егу кабинеттерінде жасалатынын айтты.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 1800 әйелге онкологиялық ауруға жататын жатыр мойны ісігі диагнозы қойылады екен. Оның ішінде 600 қыз-келіншек осы дерттің құрбаны болады. 
17 қаңтар 2024 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031