Топ-баннер
» » Елімізде Pfizer вакцинасы 60-тан асқандарды ревакциналау үшін қолданылатын болды

Елімізде Pfizer вакцинасы 60-тан асқандарды ревакциналау үшін қолданылатын болды

Қазақстанда Pfizer (Comitnaty) вакцинасы 60 жастан асқан адамдарды қайта вакциналау үшін ұсынылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Pfizer препаратымен ревакциналанатын топтардың санаттары Қазақстанда кеңейгенін хабарлады.
Ажар Ғиният омикрон штамының айналымын ескере отырып, халықты вакциналау және ревакциналау қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті.
"Халықтың ең осал топтарын қорғау үшін вакциналардың тізімі кеңейтілді. Комирнати вакцинасы (Pfizer) балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау үшін ғана емес, сонымен қатар 60 жастан асқан адамдарды қайта вакциналау үшін де ұсынылады", – деді министр Үкімет отырысында.
Бұрын ол тек аяғы ауыр, бала емізетін әйелдер мен 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылған.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау және ревакциналау жалғасып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші компонентті 9 026 131 адам алса, екіншісін 8 568 324 қазақстандық салдырды.
12 қаңтар 2022 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728