» » Қазақстанда балаларға міндетті вакциналау енгізіле ме?

Қазақстанда балаларға міндетті вакциналау енгізіле ме?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау туралы сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Әрине, бұл тек ерікті түрде, ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Біз тек баласына екпе салуға мүмкіндік береміз", – деді Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.
Оның айтуынша, министрлікке балаларды вирустан қорғау үшін вакцина табу туралы көптеген өтініш келіп түсіп жатыр.
"Өкінішке қарай, қазір тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады, балаларға көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ. Қазіргі уақытта 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын салдыруға кеңес берілуде. Азаматтар бұл мәселені өздері шешеді, бірақ біз вакциналауға шақырамыз, өйткені ол көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штаммен балалар да ауырады", – деді министр.
Сонымен қатар министр қазақстандық QazVac вакцинасын балаларға салып сынақтан өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.
"Біздің заңнамада екпені балаларға салып сынақтан өткізуге тыйым салынған. Сондықтан QazVac бойынша мұндай зерттеу жүргізіліп жатқан жоқ", – деді Цой.
20 шілде 2021 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 580
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930