» » Алексей Цой QazVac жасап шығарушыларға қатысты айтылған сынға жауап берді

Алексей Цой QazVac жасап шығарушыларға қатысты айтылған сынға жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ғалымдар мен дәрігерлер қауымдастығының QazVac қазақстандық вакцинаны жасаушыларға қатысты айыптауларына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Иә, өз көзқарасын білдіретін бірқатар азаматтар мен мамандар бар. Бірақ барлығы вакцинаның шыққанын қолдайды. Жеке өзім осы вакцинаны еккем, өзімді жақсы сезініп жүрмін. Мен азаматтарымызға вакцинация салдыруды ұсынамын", - деді Цой баспасөз мәслихатында.
Министр QazVac - бұл "Қазақстан үшін үлкен жетістік" екенін, ал препарат туралы негізгі ақпарат препаратқа арналған нұсқаулықта көрсетілгенін атап өтті.
"Клиникалық зерттеулердің егжей-тегжейлі параметрлері жақын арада жарияланатын болады. Мұнда ешқандай құпия жоқ, бұл таза процедуралық процесс", - деді министр.
Бұған дейін Medsupportkz ғалымдар мен дәрігерлер қауымдастығы QazVac вакцинасын жасау кезінде формальдегид қолданылғанын, оның кемшілігі вирустың қабығындағы S-ақуызды өзгертетінін атап өтті. Вирустың мұндай өзгерістері, ғалымдардың пікірінше, иммундық жауаптың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
Ғалымдар қазақстандық вакцинаны ұсына алмайтындықтарын атап өтті, өйткені препараттың клиникалық сынақтары туралы жарияланымдар бірде-бір маңызды ғылыми журналда жоқ.
Олардың айтуынша, қауымдастық бірнеше ай ішінде QazVac сынақтарының клиникалық кезеңдері бойынша деректерді жариялауға шақырған. Статистикалық деректердің толық болмауы, өндіріс процесі туралы ақпаратты жариялаудан бас тарту QazVac вакцинасын бұғараға ұсынуға мүмкіндік бермей отыр.
16 маусым 2021 ж. 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930