» » Күзге дейін 10 млн қазақстандық вакцина алып үлгере ме?

Күзге дейін 10 млн қазақстандық вакцина алып үлгере ме?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамды вакцинациялау жоспары туралы түсініктеме берді. 


"Біз де вакцинацияның тезірек аяқталғанын қалаймыз. Тиісті нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі қарқынды күшейту қажет. Коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия әр апта сайын, вакцинациялау мәселесін көтереді. Алайда вакцинациялау ерікті түрде жүргізілетіндіктен, бұл сұранысқа да байланысты”, – дейді Цой. 
Алексей Цой вакцина ерікті түрде жүргізілетіндіктен күзге дейін нақты қанша қазақстандық вакцинацияланатынын кесіп айта алмайтынын жеткізді.
“Біз күзге қарай вакцинацияланғандар саны 10 миллионға жетеді деп жоспарлаған болатынбыз. Біз вирус жұқтырып, ауырғандарына алты ай өткен азаматтар да вакцина салдырады деп үміттеніп отырмыз. Өкінішке орай бұл вирусты бірнеше рет жұқтыра беруге де болады. Коронавирустың тағы бір толқыны бомауы үшін, біз вакцина салдыруымыз керек”, – дейді Цой. 
16 маусым 2021 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930