» » Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

Соңғы екі аптада республикада коронавирус жұқтыру деңгейі 11 процентке төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың демалысқа шығып кетуіне байланысты үкімет отырысында вице-министрі Марат Шоранов елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Оның мәліметінше, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе (аптасына 33 346 адамнан 11 709 адамға дейін), ал өлім-жітім 4,1 есе (аптасына 761 науқастан 184 науқасқа дейін) азайды.
"Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді", - деді Шоранов үкімет отырысында.
1 тамыздан бастап республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 33%-ке дейін, ал реанимациялық төсектер 27%-ке дейін босады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.
Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе (90 767 науқастан 43 397 науқасқа дейін) азайған.
Сонымен қатар оның мәліметі бойынша, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинамен жалпы халықтың 40,2 пайызы қамтылған.
"Екпенің 1-компонентімен 8 миллион 300 мыңнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 73,4% немесе жалпы халықтың 44,3% қамтылды, 2-компонентпен 7 миллион 600 мыңға жуық адам вакциналанды. Бұл - егілуге тиісті халықтың 66,6% немесе жалпы халықтың 40,2%", - деді Марат Шоранов.
Бұнымен қоса Шорановт Pfizer вакцинасын жеткізу 8-14 қараша аралығында жүзеге асырылатынын айтты. 
"Pfizer вакциналары ағымдағы жылдың 8-14 қараша аралығында жеткізіледі деп күтілуде. Бұрын айтылған шарттық міндеттемелерге сәйкес, бұл екпе екі миллион адамға салынады", - деді Шоранов үкімет аясында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Pfizer вакцинасын 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге егу жоспарлануда.
04 қараша 2021 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031