» » Қазақстанда коронавирус қарқыны 17 пайызға төмендеді

Қазақстанда коронавирус қарқыны 17 пайызға төмендеді

Қазақстанда сырқаттану жағдайының төмендеуі 17 пайызды құрып отыр. 

Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайтып келе жатқанын айтты. 
"Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының 240 миллионнан астам, тәулігіне 300 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған. Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды. Онда сырқаттану деңгейі 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50%-дан астам, Арменияда – 40%-дан астам, Ресейде – 30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен", – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, сырқаттану деңгейі Қазақстанда 17 пайызға төмендеген. 
"Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзербайжанда 7%-ға түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17%-ға төмендеді", – деді денсаулық сақтау министрі. 
19 қазан 2021 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031