» » Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын жариялады

Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын жариялады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.  
"Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды", - деді Цой үкімет отырысында.
Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.
Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.
Сондай-ақ, Цой коронавирустан Қазақстанның әлемдік рейтингтегі көрсеткіші туралы айтты. 
"Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа ауру жұқтыру және өлім жағдайы көрсеткіші бойынша Қазақстан 222 елдің ішінде 101 орында тұр", - деді министр.
24 тамыз 2021 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728