» » Коронавируспен ауырғандарға вакцина салу мерзімі өзгертілді

Коронавируспен ауырғандарға вакцина салу мерзімі өзгертілді

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырған науқастарға вакцина салу уақыты өзгертілгенін айтты. 

"Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сырқаттанып жазылған науқастардың үш ай өткенде вирусты қайта жұқтыру қауіптілігі жоғары болуына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша коронавируспен ауырған науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынды", - деді Айнагүл Қуатбаева.
Сондай-ақ, ол инфекциялық стационарларға түскен 596 қазақстандықтың жағдайы ауыр екенін айтты.
"Стационарға жатқызылған науқастардың көбеюі өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде ауыр жағдай түрімен сипатталатын 596 науқастың бар екенін айтамыз. Оның арасында 493 науқас өте ауыр жағдайда жатса, 103 науқас аса ауыр жағдайда. Өкпені жасанды желдеткішпен 83 науқас қамтамасыз етілген", - деді Қуатбаева.
Маманның айтуынша, соңғы бір аптада ауруханаға ауыр жағдайда түсетін науқастардың артқан.
"Статистикалық мәліметтерді талдайтын болсақ, соңғы 7 күннің ішінде жұқпалы аурулар стационарларында төсектермен қамтамасыз ету 25 пайыздан 29 пайызға, реанимациялық төсектердің қажеттілігі 20 пайыздан 24 пайызға артқанын айту керек", - деді Айнагүл Қуатбаева.
Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырған адамға 6 ай бойы вакцина салуға болмайтыны айтылған еді.
30 маусым 2021 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031