» » Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады

Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның өзге өңірлерінде өсіп жатыр. Ел бойынша сырқаттанушылықтың 61 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына және Алматы облысына тиесілі. Сәуірде эпидемиялық жағдай айтарлықтай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Қазір тәулігіне 2 800 науқас тіркелуде», деді министр.
Сондай-ақ ол коронавирустан қайтыс болғандардың саны да көбейгенін атап өтті. Атап айтқанда наурызда ақпанмен салыстырғанда індеттен қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті. Өлім жағдайларының 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі.
 







12 сәуір 2021 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 111
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 699

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031