» » Енді БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады

Енді БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссия барлық санитариялық талапты қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады.
Осылайша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында ASHYQ қосымшасында "жасыл" мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19 аурушаңдығы 60%-ға, өлім деңгейі 80%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек орындары жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің - 45%-дан 32%-ға дейін төмендегені байқалады. 
Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін Ashyq жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушысын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.
30 қыркүйек 2021 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031