ҚҰТЫРМА – ҚАУІПТІ АУРУ
Құтырма – аса қауіпті, жұқпалы әрі өлімге әкелетін вирустық ауру. Ол көбінесе жабайы үй жануарларынан (ит, мысық, түлкі, қасқыр, және т.б.) адамға тістеу немесе сілекей арқылы жұғады. Құтырма – дер кезінде алдын алуға болатын, бірақ емделмейтін ауру. Сондықтан да оның алдын алу – адам өмірін сақтау жолындағы ең маңызды шаралардың бірі.
Құтырма вирусы көбінесе ауру жануардың тістеуі, тырнауы, сілекейінің зақымдалған теріге немесе көз, мұрын, ауыз кілегей қабатына түсуі арқылы жұғады. Жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) 10 күннен бастап бірнеше айға созылуы мүмкін. Бірақ белгілері байқалған кезде дер кезінде ем көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды. Басты белгілері – әлсіздік, бастың ауруы, дене қызуы, жара орнының ауруы, қышуы, судан қорқу (гидрофобия) дыбысқа сезімталдық, бұлшық еттің тартылу, салдану, естен тану.
Бұл аурудың алдын алу үшін ең бірінші үй жануарларына вакцина салу қажет. Ит пен мысықты жылына бір рет міндетті түрде құтырмаға қарсы вакцинациялау қажет. Жануарлар медициналық бақылауда болып, олармен серуен кезінде иесі жауапкершілікпен қарауы қажет. Екінші – жабайы жануарлармен байланысудан аулақ болу. Орманда немесе ауылдық жерде жабайы жануарларға (түлкі, қасқыр, кірпі, жарқанат) тап болса мамандарға хабарлау. Егер тістеген жағдайда жараны сабынды сумен жақсылап жуу керек (10-15 минут). Одан кейін шұғыл түрде медициналық мекемеге жүгініп, дәрігер нұсқауымен құтырмаға қарсы вакцина алу қажет. Сонымен қатар бұл аурудың алдын алу мақсатында мектептерде, ауылдық жерлерде, қоғамда құтырма туралы ақпарат беріп, сақтық шараларын насихаттау қажет.
Құтырма – өте қауіпті, бірақ алдын алуға болатын жұқпалы ауру. Оның алдын алудың басты жолы – ақпараттану, жануарларға вакцина салу және адам тістелген жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгіну. Әрбір адам жеке қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпау керек. Құтырманың алдын алу – өз өміріңді сақтау болып табылады. Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда.
Қ.ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы