» » Құтырма туралы не білеміз?

Құтырма туралы не білеміз?

Құтырма – зоонозды, табиғи ошақты, адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру. Ол орталық жүйке жүйесінің зақымдауымен ерекшеленеді.

Аудан көлемінде құтырма ауруы тіркелмегенмен, адамдар арасында әртүрлі жануарлардан жарақат алып, дәрігерлік көмекке жүгінушілер саны жылдан-жылға өсе түсуде. Құтырма ауруы жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Дерттің қоздырғышы – вирус сілекейде, сонымен қатар көздің жасында, кіші дәретте анықталады. Вирус төменгі температурада төзімді, әдеттегі физикалық, химиялық факторлардың әсерімен оңай жойылады.

Инфекция көзі – жабайы және үй жануарлары. Ауру қоздырғышы вирус етқоректі жабайы ит туыстығына жататын жануарлар (қасқыр, түлкі, қорқауқасқыр, тағы басқа) арасында айналыста болады. Бұлардан басқа инфекция көзі – мысық тәрізділер, жарқанаттар, кунь тәрізділер. Жабайы жануарлардан вирус үй жануарларына, негізінен иттерге беріледі. Иттермен қатар құтырумен мысық және басқа адам жанындағы жануарлар ауырады. Құтырманың вирусы жабайы жануарлардың сілекейінде 100 пайыз, ауылшаруашылығы жануарларының 50 пайызында болады. Сондықтан жабайы жануарлардан жарақат салу жағдайы адамдарға қауіпті болып саналады. Құтыруға шалдыққандардың 70-75% үй жануарларынан (негізінен қаңғыбас иттерден) залалданғандар, жабайы жануарлардан залалдану 30%-ға жуығын құрайды. Иттер құтыру белгісі пайда болғаннан кейін 9-10 күнде, ал мысықтар 2-4 күнде өледі.

Құтырма адамға тек жануарлар жарақат салған кезде ғана емес, тырналған және сілекейленген жағдайда да жұғады, себебі вирустың көлемі өте кішкентай, жарақаты жоқ теріден де өтіп кетеді. Қоздырғыштың адам ағзасына еніп, клиникалық көріністер беруі 8-10 күннен 40 күнге дейін, сирек жағдайларда 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы жарақаттың орнына, ауырлығына, зақымданушының жасына, ауру жануардың түріне байланысты.

Құтырманың алдын алу шаралары:
1.Қазақстан Республикасының 30.12.2021 жылғы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы шығарылып, 2022 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді. Осы Заң талаптарына сәйкес енді қаңғыбас ит-мысықтар жойылмайды, тек ауланып, арнайы уақытша ұстау пункттерінде ұсталады.
2.Ауылшаруашылығы жануарларына, жеке қожалықтағы ит-мысықтарға, малдарға мал дәрігерлік құжат алып, құтырмаға қарсы екпе жасату керек.
3.Тұрғындар өздерінің жеке қожалығындағы иттерді аулада байлап ұстап, көшеге қарғыбау байлап, тұмсыққап кигізіп алып шығу шарт.
4. Әртүрлі жануарлар сілекейлеген, жарақаттаған жағдайда зардап шегуші жарақатты сабынды сумен 10-15 минут жақсылап жуып, міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет. Дәрігер тағайындаған құтырмаға қарсы егу шараларын кестеге сәйкес мерзімді уақытында үзбей алуы тиіс.
Құрметті аудан тұрғындары, егер де түрлі жануарлардан жарақат алған жағдайда құтырма ауруынан сақтанудың бірден-бір жолы профилактикалық егу шаралары екендігін еске саламыз.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
17 қыркүйек 2024 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930