» » Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт


     Құтырма  вирус  арқылы  таралатын, тез  өрбитін  қауіпті  жұқпалы  ауру. Бұл  ауру  адам  баласына  өте  ерте  заманнан  таныс  болғанымен, әлі  күнге  дейін ауруды  тудыратын  қоздырғышқа  тікелей  әсер  ететін  емі  жоқ.
      Құтырма  ауруымен  ауырған  55  мың  адамның  99  пайызы  жұқтыру  көздері  иттер. Соңғы  үш  жылда  елімізде  15  адам  құтырмамен  ауырып, қайтыс  болған. Айта кетерлік  жәйт, үй  және  жабайы  жануарлардан  жарақат  алғаннан  кейін  адамдар  дәрігерлік  көмекке жүгінбеген, тістелгені  жайлы  ешкімге  айтпаған. Құтырма  ауруы  әдетте  үй  жануарларынан (ит, мысық) жұғады. Жабайы  жануарлар  арасында  құтырма  ауруын  адамдарға  жұқтырудың  негізі  түлкі  мен  қасқыр  болады. Ауру  белгісі  үй  немесе  жабайы  жануарлардан  жарақат  алғаннан  соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде  1  жылдан  аса  мезгілде  байқалады. Сондықтан  ит, мысық  тістеген  жағдайда міндетті  түрде  дәрігерге  көріну қажет. Неғұрлым  ерте  жасалған  ем  соғұрлым  нәтижелі болады.
      Құтырмамен  ауырған  адам  суды көрсе, судың  сылдырын, тіпті  су  деген  сөзді естісе  оларда  қорқыныш  пайда болып, артынан  жұтыну  қабілетінен  айырылып, өте қиналып  өледі. Қазіргі  кезде  көрсетілетін антирабиялық көмектің (арнайы  иммуноглобулин  мен вакцина) бұл  аурудың  алдын  алу  үшін  тигізетін  себебі  мол. Құтырмамен  негізі  антирабиялық  көмек  алмағандар  болмаса  толық  көлемде  алмағандар ғана  ауырады. Құтырмамен  ауырған  аңдар  мен  жануарлардың  мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгеріп, оғаш  қылықтар  пайда  болады, мысалы ит  себепсіз үріп немесе  еңсесі  түсіп, үретін  жерде  үрмей, адамдарға, малдарға  тап  беріп, өзін  өзі  тістеп, тамақ ішпей, көзіне  көрінген  заттарды  тістеп, шайнайды, аузынан  мол  сілекей  бөлінеді. Бұл  аурумен  ауырған  ит ауру  басталғаннан  кейін 5-ші  немесе 6-шы  күні  өледі. Негізінен  ауруды  тарататындар иттер болғандықтан, иесіз  иттерді  ұстап  алып,оларды  жою  керек. Ал үйде  ұсталатын  иттер  мен  мысықтар  есепке  алынып, олар  жыл  сайын  құтырмаға  қарсы  егілуі  керек, ауыра  қалған  жағдайда мал  дәрігеріне  тексерту  қажет.
    Естеріңізде  болсын, құтырма  ауруының  алдын  алуға  болады. Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын  жол  іздейік, ағайын!
Сәуле САЙМБЕТОВА,
аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау  басқармасының  бас  маманы
07 маусым 2024 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031