» » Оба — ғасыр дерті

Оба — ғасыр дерті

qarmaqshy-tany.kz Оба ауруы – жер шарының көптеген елінде кездесетін табиғи ошақты аса қауіпті карантиндік жұқпалы ауру. Адамзат тарихында 25 миллионға дейін адам өмірін қиған ғасырлар дерті оба ауруының тарихы біздің облыста 1945 жылдың тамыз-қазан айларындағы ірі эпидемиясынан басталған.
Оба қоздырғышының негізгі сақтаушылары әртүрлі кеміргіштер. Олардың арасында адам мен малға ауру қоздырғышын жұқтыратын бүрге, кене сияқты қансорғыш жәндіктер. Олар ауру кеміргіштің қанын сорып, қолайлы бір сәтте кездескен адамды немесе түйені шағу арқылы ауру қоздырғышын одан әрі таратуы мүмкін. Оба ауруын жұқтырған түйе малы, жабайы аң жануарлары және олардан алынған шикізат (ет, сүт, тері, жүн) адамдар үшін өте қауіпті. Қызылорда облысының аймағында табиғи ошақта кеміргіштер арасында оба ауруы тіркеліп тұрады.

Обаның жұғу жолдары:
1. Адамдарды бүрге шағу (трансмиссивті);
2. Қарым-қатынас кезінде, яғни аңшылық жануарларды сойғанда және терісін сыпырғанда;
3. Ауа-тамшылы, өкпе түрімен ауырған адам сау адаммен байланыста болғанда;
4. Алиментарлы жолы (ауру жануарлардың етін жеген кезде).

Аурудың белгілеріне келетін болсақ, ол 2-6 күннен соң біліне бастайды. Бұл уақыт ішінде микробтар адам ағзасын жайлап, уын жаяды. Осы жасырын кезеңнен кейін адамды ауру билеп, әлсірете бастайды. Науқасқа шалдыққан адамның басы ауырып, лоқсып құсады, қан тамырларының соғуы жиілеп, дене қызуы 38,5-39,5 градусқа көтеріліп есінен танады. Сөйлегенде тілі күрмеліп, әрең үн қатады, сандырақтап сөйлейді, көздері қанталап, қызарып кетеді. Ауру белгілері оның жұғу түріне байланысты болады. Аңның, тышқанның терісін сыпырғанда, обадан өлген түйені сойғанда жұқса, ол адамның қолтық пен тамақ бездері іседі. Ал бүрге, кене арқылы жұққан болса, шаққан жерге таяу бездер ісініп, қабынады, аяқтан шақса адамның шап бездері, кеудеден, қолдан немесе мойыннан шақса қолтық, тамақ бездері іседі.

Қабынған бездерде қатты ауру пайда болып, қол тигізбейді. Без обасы асқынған кезде адамның өкпесіне шабады. Мұндай жағдайда науқас жөтелгенде, шашалғанда қан аралас қақырық тастайды. Ауру адамның сілекейіндегі микробтар үй ішіне тез таралып, сау адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан осы көрсетілген ауру белгілері байқалса, шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек.

Медициналық ұйымдар обаға қарсы күрес станциялары айқындайтын эпидемиялық маусым басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жыл сайын табиғи ошақ аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын адамдарды обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді. Сонымен қатар, түйелерге де обаға қарсы екпе салынады. Халық арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі. Белгілі бір аймақ шегінде инфекцияның таралуын анықтаған кезде обаға қарсы мамандар дератизация (кеміргіштерді жою) және дезинсекция (жәндіктерді жою) шараларын жүргізеді.

Далада жүргеніңізде ауру белгісі байқалған жабайы аңдарға жақындамаңыздар, өліп жатқандарын қолмен ұстауға мүлде болмайды. Сондай-ақ, үйіңіздің іші мен айналасында тазалықты сақтап, тышқандар мен бүргелерді жою шараларын жасағаныңыз жөн. Ал, жалпы мал, соның ішінде түйе соятын болсаңыз, оны алдын ала арнайы ветеринарлық тексеруден өткізгеніңіз жөн. Осылайша, бұл шаралар оба ауруының алдын алудың негізі болып табылады.

Ердос ЗЕРХАНҰЛЫ,
«Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалы
Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің бастығы
27 сәуір 2023 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031