» » Оба - аса қауіпті жұқпалы ауру

Оба - аса қауіпті жұқпалы ауру

Оба - өте қауіпті жұқпалы  кесел. Адамзат тарихында оба дерті елеулі орын алады.YІ ғасырда болған пандемия тарихта «Юстиниан обасы» деген атпен қалды.  Елу жыл ішінде оба ауыруынан 100 миллион адам қаза тапқан.
ХІY ғасырда оба ауруы дүние жүзіне тағыда таралған.Бұл аурудан Қытайда 13 миллион,Шығыс 25 миллион ,ал сол кезде 100 миллион халқы бар Еуропа елдерінде 25 миллион қайтыс болған екен Азия, онын ішінде Қазақстанға оба ауруы алғашқы рет Үндістаннан шыққан сауда кемелері арқылы тышқанмен келген.Біздін  облысымыздың аумағындағы обанын ошағы «Орта Азия табиғи шөлді оба ошағы» деп аталады. Бұл жерде оба қоздырғышын негізгі сақтаушы –үлкен құмтышқандар.Қосалқы сақтаушылар- саршұнақ,суыр, сұртышқан. Обаның табиғи ошақтарында бұл індеттке басқа да жануарлар шалдығады, мысалы: сасық күзен, түлкі, қоян,жертесер,ақбөкен,түйе,мысық,ит.
Ал негізгі тасымалдаушы – бүргелер.Ауру кеміргіштің қанан сорған бүргеге обанын микробы жұғады.Мұндай бүрге сау кеміргішті шаққан кезде оған оба ауруын жұқтырады.Осындай жолмен оба індеті бір кеміргіштен , екіншісіне беріледі де ,оның табиғатта сақталуына және таралуына себеп болады.
Адамды бүрге,кене шаққанда немесе аң мен түйені сойғанда оба қоздырғышы денеге енген жерде,ойық жара пайда болып,обаның терілік түрі дамуы мүмкін. Терідегі ойық жара көпке дейін жаылмайды. Кейін оның орнында тыртық қалады.
Обаның без,өкпе,қанның қағыну түрлері жиі ,ал тері түрі сирек кездеседі,Адамға оба қоздырнғышы жұққаннан кейін ,ауру бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін білінеді. Адамның дене қызуы 39-40° дейін көтеріліп,қалтырайды.Басы қатты ауырып,әлсірейді.Есінен танып сандырақтауы мүмкін.Беті қызарып,көздері қаңталайды.Адамда қорқыныш,күйзелу сезімдері пайда болады.Дененің улануы салдарынан жүрек қан тамыр жүйесі зақымдалады.Артериялық қан қысымы төмендейді,тахикардия дамиды.Тілінен үстінде қалы ақ түсті өңез пайда болады. Көмекей бездері ісініп ,кейде іріңдеуі мүмкін.Бауыры,талағы үлкейеді.Іші жиі қанмен кілегей аралас өтуі,зәрінде қанмен белок болуы мүмкін.Ақырында адамнан жүрегі нашарлап, ол өлімге душар болады.
Оба ауруының бездік түрінің басты белгісі –сөл (лимфа)түйіндерінің қабынып ісінуі және олардың қатты ауруы. Егер ауру бүрге адамның иығынан шақса қолтық асты безі ,санынан шақса шап безі қабынады.Адам түйені немесе жабайы аңды сойғанда әдетте оң қолымен пышықты,сол қолымен теріні ,етті ұстайды.Егер сол қолында зақымданаған жері не жара болса ,қоздырғыш сол жара арқылы организмға енеді. Қоздырғыш организмге сол жақ бөлігі арқылы енсе  ,сол жақтағы лимфа бездері бірінші қабынады.Мойын бездері қабынған кезде, адамнын жағдайы өте нашарлайды.Қабынған безқатты аурады.Мұндайда адам ауырған жеріне еш нәрсе тигізбеуге тырысады.Ауырған жерін жеңілдету үшін науқас нешетүрлі амалдар іздей бастайды, аяғын,қолын бүгеді,немесе мойынын төмен иеді.Аурудын алғашқы күндері қабынған бездің мөлшері тарыдай кішкентай боладыжәне де ол тығыс келеді.Кейінірек сөл түйіндері ісініп ,айналасындағы тері ,еттерімен бірігіп біртұтас ісікке айналады.
Обаның өкпелі түрінде жасырын кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады. Дене қызуы жоғары көтеріліп,басы қатты аурады,кеудесі шаңшып,ентігеді, жөтел пайда болады.Оба ауруымен науқастанған адам дер кезінде дәрігерлік көмек алса оның жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар.
Обаның бездік түрі адамдарға бүрге шағу арқылы және түйе,аң сойғанда жұғады.Суыр, саршұнақ,қоян,түлкі т.б. аңдарды ұстағанда олардың бүргелері аңшыларға жабылып ,шағады.Сол сияқты кеміргіш індеттен өлген кезде,бүргелер оны тастап ,іннің аузында тұрады. Егер іннің жанынан адам немесе аң өтсе,аш бүргелер оған жабылады.Мысалы: Арал қаласының аудандық ауруханасына әкелі-балалы екі адам түседі.Олар :«Ұзынкөл»  деген жерде түйе бағады. Кенеттен нөсер жаңбыр жауып ,олар бос қалған жер кепеге тығылады.Сондағы бүргелер екеуін шағып ,оба ауруын жұқтырады.
Үй тышқандары жабайы кеміргіштермен тығыз байланысты. Күн суған кезде олар даладан елді мекенге қарсы ығысады.Сол кезде әсіресе үйде бүргелер болса, адамдар арасында оба ауруы болуы мүмкін.
Табиғатта кеміргіштер арасында оба індеті болғанда түйелерді ауырған бүрге шақса ,олар да ауруға шалдығуымүмкін. Әдетте түйені союға бірнеше адам қатысады.Оның еті  жілікке бөлініп, адамдарға таратылады немесе сауда орындарына апарылады. Адамға түйеден жұққан обаның безтүрі өте ауыр өтеді.
Себебі түйемен жанасқан адамның денесіне оба микробы көп мөлшерде тері,ауыз,мұрын енмесе көздің кілегей қабығы арқылы енеді.Түйелер оба ауруымен жедел немесе созылмалы түрде ауруы мүмкін.Түйе  іш тастағанда немесе қанның қағынуы кезінде оба қоздырғышы қан,мұрыннан бөлініп шығатын кілегей арқылы сыртқа шығады. Сонымен түйенін адамға әкелетін қауіп-қатерін ескере отырып,обаның табиғи ошағы бар жерлерде оларды есепке алып, мал дәрігерінің бақылауында болуы керек. Мысалы ,1990 жылы қыркүйек айында, Аралда 3 адам ауру түйені сойып ,ауырған 2 адам аман қалып ,1адам қайтыс болды. Аурған адамдардан түйенін етінен обанаң қоздырғышы бөлінді.
Далалық жерде шоғырланған малшылар, мұңайшылар,жол салушылар,геологтар көктемде міндетті түрде алдын ала-обаға қарсы егілулері тиіс Түрлі су скважиналары маңында орналасқан малшылар оба індетінің белгілерін анықтаған кезде обаға қарсы саласы  мамандарының кеңесіне сай сол маңдардан көшкендері абзал.
Үй мен далада тазалық сақтау ережелерін ұмытпаңыздар!Азық-түлікті тышқан бармайтын берік орындарда сақтау қажет . Далалықжерде мүмкіндігінше кеміргіш індері бар жерге қоныстанбаныздар,онда тыныгушы болмаңыздар.Табиғатқа,аңғашыққан кезде  әсіресе  кішкентай балалар ауырған немесе өлген аң өлекселерін ұстамауы керек,соны қатаң ескерткен жөң.

Аудандық обаға қарсы күрес бөлімі
12 мамыр 2022 ж. 1 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031