» » Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы ауруынан сақтанайық

Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы ауруынан сақтанайық


Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайытын аса қауіпті жұқпалы ауру.Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Алғашқы белгілері – дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қатты бас ауруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауырыуымен, лоқсу несесе құсу, іш ауруы немесе өтуі, одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иек­тен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау белгілерінің байқалуымен сипатталады.
Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы қалай жұғады? Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы кене, сонымен қатар жабайы және үй жануар­лардың ағзасында да ауру қоз­дырғыштары болады. Адамға ауруды жұқ­тыру науқас адамға күтім жасау кезінде неме­се мәйіттің қанымен, сұйықтығымен және ағза бөлінділерімен, ластанған медициналық құралдар арқылы жұғуы мүмкін.
Сақтану жолдары. Адамдар арасында аурудыболдырмау үшін табиғат аясына демалуға барғаннан кейін міндетті түрде өзі немесе қасындағы адамдар өзара үстілерінде кененің бар-жоғын тексеру қажет. Елді мекендерде қоқыстар мен мал қораларындағы ескі көңдерді азайтып, кенелердің өсіп өнуіне, мекендеуіне жол бермеу қажет. Ауру тарататын кенелер басым көпшілігі мал қанымен қорықтенеді. Сон­дықтан малға жабысқан кенелерді дер ке­зінде жою аурудың алдын алудың алғашқы шараларының бірі. Күн сәулесі мол түсетін күн шуақ жерлерде кене аз болады. Жабысқан кенені абайлап, сақтанып алып тастаған дұрыс. Ол үшін кененің үстіне бір тамшы сұйық май тамызу керек, сонда кененің тыныс жолдары біте ліп, сыртқа шығады. Оны пинцетпен алып, орнын спиртпен немесе иодпен сүрту керек. Кене шаққан адам дереу дәрігерге көрініп, екі апта шамасындай дәрігердің бақылауында болғаны дұрыс.
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз, ағайын.


Сәуле САЙМБЕТОВА,
Қармақшы аудандық
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы
28 наурыз 2021 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 078

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031