» » Сақ болғанға қауіп жоқ

Сақ болғанға қауіп жоқ


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуімен, қатты бас ауыруы­мен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен сипатталады. Адамдар арасында ауруды болдырмау үшін, табиғат аясында демалуға барғаннан кейін міндетті түрде өзі немесе қасындағы адам үстінде кененің бар-жоғын тексеру керек. Реппелент (иісінен кенелер қашатын крем, майлар) қолдану қажет.
Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді-мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру қажет. Кене орман мен дала аймақтарында жұмыс істегенде ерекше сақтық жасап, арнайы комбинезон секілді денені түгел жауып тұратын киім, аяққа керзі етігін киген жөн. Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке колғап).
Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.
Қазіргі таңда ауданымызда көктем­гі эпидмаусымда Конго-Қырым гемор­рагия­лық қызбасынан (әрі қарай КҚГҚ), эпиде­мио­логиялық ахуал тұрақты. Осы уақытқа дейін тұрғындар арасында 4 адам (2018 жылы 7 жағдай) кене шағумен медициналық көмекке жүгінді, 14-күнге медициналық бақылауға алынып, амбулаториялық жағдайда ем алуда. Сонымен қатар ауданда кенеге қарсы өңдеу залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлай отырып, мал қора аулаларыңызға тазалық жұмыстарын жүргізу керегін еске саламыз.

Перизат ҚОБЫЛАШҚЫЗЫ,
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші
12 мамыр 2019 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031