» » Туляремия деген қандай ауру және одан сақтану жолдары

Туляремия деген қандай ауру және одан сақтану жолдары



Туляремия – лимфа жүйесінің,тері,шырышты қабық және ішкі ағзалардың зақымдануымен өтетін жедел жұқпалы табиғи ошақтық ауру.
Дерт қоздырғышы – өте ұсақ бактерия, жұғу көзі – жабайы кеміргіштер, соның ішінде қарапайым сұр тышқандар, үй тышқандары, құндыз, қояндар. Тасымалдаушылар – қан сорғыш буынаяқтылар, соның ішінде иксод кенелері және кейбір қосқанатты жәндіктер (маса,соналар)
Белгілері және ағымы.
Залалданған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері байқалғанға дейін кезең бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін созылады. Ауру жедел басталады, дене қызуы 38-40 және одан жоғары көтеріліп, қалтырап,бас ауырып, жалпы әлсіздік, бұлшық еттердің ауруы, тәбеті төмендеуі, ұйқы бұзылумен сипатталады. Ауру 2-3 күннен кейін лимфа түйіні қабынып, тауық жұмыртқасына дейін үлкейіп, ауырсыну пайда болады.
Алдын алу.
Аурудың алдын алуда жеке бас тазалығын сақтау шаралары маңызды,сапалы қайнаған су пайдалану, азық түлікті ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ластануды қорғау.
Елді мекендерде үйлердің, қоймалардың, құдықтардың жалпы санитарлық жағдайын жақсарту,аумақты қоқыс және қалдықтардан тазалап отыру.Кеміргіштерді жою үшін қақпан, уланған жемдерді пайдалану.
Осы аурудың белгілері байқалған адамдар дәрігерге жәрдем көмекке қаралуы керек.
Туляремиямен ауырған адам маңындағы адамдарға қауіпті емес.Бұл дерттен ауырып жазылған адам екінші қайтара ауырмайды.
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік ағайын!
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
21 қыркүйек 2023 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031