» » Сібір жарасынан сақтанған жөн

Сібір жарасынан сақтанған жөн

qarmaqshy-tany.kz Сібір жарасы – аса қауіпті, жұқпалы ауру. Оның үш түрі болады. Олар тері, өкпе, ішек түрі. Тері түрінің инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Алдымен теріде қызыл дақ пайда болады. Біраз уақыттан кейін жараға айналады. Жара қатты қышиды. Оның айналасы қатты ісініп, қызарады. Адамның дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек соғумен сипатталады.

Өкпе түрінің алғашқы белгілері тұмауға ұқсас, температура жоғарылайды. Қақырық қатты бөлінеді, өкпе жетіспеушілігі дамиды, ол шок пен өлімге әкеледі.

Ал ішек түрінде іш ауырып, құсып, нәжісі қанды сұйыққа айналады. инкубациялық кезеңі 2-7 күнге дейін. Аурудың белгілері басталған бойда емделсе,тез арада емделсе ауру сауығумен аяқталады.

Сібір жарасы қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді. Топырақта ол ондаған жыл сақталады. Негізгі инфекция көзі – үй жануарлары. Жұғу жолдары алиментарлы,аэрогенді болады.

Бұл аурудың алдын алу үшін ауру жануарларды немесе жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарды (ауру жағдайларын тіркеу кезінде) елді мекеннен тыс жерлерге әкетуге (әкелуге) үзілді-кесілді тыйым салынады. Ветеринарлық ілеспе құжаттары жоқ рұқсатсыз сауда орындарында жануарлардан алынатын өнімдерді сатып алуға үзілді кесілді тыйым салынады. Сондай-ақ жануарларды сою арнайы сою пунктері мен алаңдарында жүргізіліуі тиіс. Үй жануарларын сою кезінде міндетті түрде сою алдында тексеру жүргізілгеннен кейін ветеринарлық мамандар жеке қорғаныш құралдарын (резеңке қолғап, халат) пайдалануы қажет. Аурудың алғашқы белгілері кезінде адам дереу дәрігерге көрінуі тиіс. Ауырып ем іздегенше, сақ болып, сақтық танытып, ауырмайтын жол іздейік.

Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемилогиялық
бақылау басқармасының басшысы
26 мамыр 2023 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930