» » Тұмау дегеніміз не?

Тұмау дегеніміз не?

qarmaqshy-tany.kz Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Қалай жұғады?
Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Ауру жұқтырылған "бұлт" біртіндеп қоршаған заттарға қонады. Өкінішке орай, тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Вирус жұққан тұрмыстық заттардың қасынан өтіп бара жатып немесе оларды пайдалана отырып, біз еріксіз, адамның тыныс алу жүйесіне түсуі мүмкін зарарлы бөлшектерді ауаға қайта көтереміз. Бұл тұмаудың ауа - шаң жолымен жұғуының көрінісі.
Тұмаудың белгілері қандай?
Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.
Жасырын, инкубациялық кезең – 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты.
Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:
Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.Әлсіздік, сырқырап ауыру.
Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Тұмаудың алдын алу
Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.

11 желтоқсан 2022 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 321
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031