» » Бала саулығына бейжай қарамайық

Бала саулығына бейжай қарамайық

qarmaqshy-tany.kz Желшешек жұқпасы – ауа тамшылары арқылы берілетін қоздырғышы вирус болып табылатын жұқпалы ауру. Көбінесе балалар ауырады, балабақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар. Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл өтеді. Үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді.
Ауру таратушы ауру науқас болып саналады. Ауру жұқтырғаннан кейін 14 күннен кейін білінеді, бірақ 24 күнге созылуы мүмкін. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес, тез өледі. Ауырған баланың денесіне бөртпелер пайда болады. Бөртпе шығам дегенше, шыққаннан кейін бес күн қауіпті болады. Осы кезде баланы оқшаулап ұстаған абзал, ауырмаған балалармен қарым-қатынас болмауы керек, қарым-қатынас болған жағдайда 21 тәулікке карантинге ұстаған жөн. Желшешектің клиникалық белгілері дене қызуы 38 градусқа көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Бөртпелер бастапқыда 2-4 мм папула болса, тез арада 5-6 сағат ішінде іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Бөртпелер мен көпіршіктер қатты қышиды. Балаларда папула мен көпіршіктер ауыз қуысының көрінетін сілемейлерінде де байқауға болады, олар афтозды жараға дейін айналады. Аурумен қайталап ауру мүмкін емес, өйткені организмде тұрақты иммунитет қалыптасады.
Ауру баланы көбінесе үйде оңашалайды. Үйде баланы төсекке жатқызып, көп сұйықтық ішу, айран-сүт тағамдарын қабылдау. Баланың жеке басының, киім- кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау. Баланың тырнағын қысқа қылып алып тастау, себебі бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Бөртпелердің бетіне калий марганец қышқылының ерітіндісін жағу керек. Егер бала ауруынан тез жазылмаған жағдайда, ауру асқынып кетеді. Сондықтан дәрігерге көрініп алу керек. Міндетті түрде бөлмеде ауа жылулық тәртібін сақтау керек. Ауырған баланы бөлек жекелендіріп, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз.
Ата-аналар міндетті түрде осы ауру жайлы біліп жүрген жөн, ең бастысы ауруды уақытысында емдеп алған дұрыс. Құрметті ата-аналар, желшешек ауруы кезінде дене қызуы көтерілсе, оған ешқашан аспирин дәрісін беруге болмайды.
Қ.ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы
30 қараша 2022 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031