» » Құтырма қауіпті ауру

Құтырма қауіпті ауру

qarmaqshy-tany.kz Ол – вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Ауру адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі табылған жоқ. Деректерге сүйенсек, дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам көз жұмады екен. Құтырмамен ауырған 55 мың адамның 99% жұқтыру көзі иттер болып отыр.

Фото
Құтырма ауруы әдетте үй жануарларынан (ит, мысық) жұғады және соңғы 3 жылда жануарлардың бұл категориясы барлық жұқтыру көзінің 80%-ын құрады. Бұл белгілі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуімен, оларды ұстау ережесінің сақталмауымен және қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізуімен байланысты болып отыр. Жабайы жануарлар арасында құтырма ауруын адамдарға жұқтырудың негізгі көзі түлкі, қасқыр десек, олардың үлес салмағы 20%-ды құрайды.
Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде 1 жылдан аса мезгілде байқалады, көбіне 20-60 күннің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады.
Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды таратушылар жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру жұқтырады. Сондықтан ит, мысық тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ. Ауру белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез келген уақытында кездеседі.
Енді аудан бойынша тоқталсақ, бүгінгі күнге дейін 128 ит, мысықтан жарақат алушылар тіркелді. Олардың 51-і белгілі, 75-і белгісіз иттен жарақат алғандар. 7-еуі мысық, 117-сі ит жарақатын алғандар құрайды. Жарақат алушылардың 79-ы балалардың үлесінде. 12 жарақаттанушы ит жарақатының ауыр түрін алып, аурухананың хирургия бөлімінен ем қабылдауда, қалған 112 ит жарақатының жеңіл түрін алушылар аудандық емхананың хирургия кабинетінен жарақатқа қарсы антирабикалық екпені кесте бойынша алу үстінде. Егер жарақатқа қарсы арнайы (антирабикалық) екпені дер кезінде уақытылы алатын болсақ, құтырма ауруынан сақтануға болады.
Қазіргі кезде көрсетілетін антирабикалық көмектің (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алу үшін тигізетін себебі мол. Құтырмамен негізінен антирабикалық көмек алмағандар, болмаса оны толық көлемде алмағандар ғана ауырады.
Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабілетінен айырылып, өте қиналып өледі. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия» немесе «судан қорқу» деп те атайды.
Адамдар құтырмамен, осы аурумен ауырған аңның (қасқыр, түлкі, ит, қарсақ, мысық, т.б.) тістеуінің салдарынан немесе ондай жануарлардың сілекейі адамның жарақаттанған терісімен жанасып, оның жарасына кірген жағдайда ғана ауырады. Жоғарыда көрсетілген аңдардың ішінде бұл аурудың вирусын сақтайтын негізгі аңдар – қасқыр мен ит болып саналады.
Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тікелей жүріп, жолдағы кездескен аңдар мен адамдарды алдын ала ырылдамай-ақ, бірден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейінгі 5 немесе 6-шы күні барып өледі.
Құтырма ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек? Егер, әрбір аң немесе ауырған жабайы аңдар қапқан адам немесе жануарлардың сілекейі денесіне тиген адам уақытында медициналық көмек алатын болса, онда біздің арамызда құтырмамен ауыратындар кездеспеген болар еді. Ауруды болдырмауға бағытталған шараларды, егу жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті (арақ ішіп, ащы тағамдарды жеуге) бұзуға болмайды, мұндай жағдай орын алса, жүргізілген емдік шаралардың пайдасы шамалы. Негізінен ауруды тарататындар иттер болғандықтан, иесіз иттерді ұстап алып, оларды жоюды қолға алу керек. Ал, үйде ұсталатын иттер мен мысықтар есепке алынып, олар жыл сайын құтырмаға қарсы егілуі керек. Үйде ұсталатын иттер мен басқа да жануарлар ауыра қалған жағдайда, оларды мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексерту қажет. Осы жоғарыда айтып өткен ережелерді қатаң түрде сақтайтын болсақ, құтырма ауруының алдын алуға болады.
Қаршыға ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы
16 қазан 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031