» » Висцеральды лейшманиоз

Висцеральды лейшманиоз

qarmaqshy-tany.kz Бұл аталған ауру адамға негізінен матақаннан жұғады. Себебі матақанның көмейінде осы аурудың қоздырғышы бар, шаққан кезде адамның терісіне еніп бауырында, талағында өсіп-өнеді. Әдетте, бұл аурумен жас балалар жиі ауырады. 

Аурудың белгілері: дене қызуы көтеріліп, шаршап-шалдығады, қимыл-қозғалысы баяаулайды, әлсірейді, тамаққа тәбеті төмендейді, бозарып, жүдей бастайды. Талағы, бауыры үлкейіп, іші ісінеді, қаны азаяды. Ауру кезеңі бірнеше айға созылып, арнайы ем қабылдамаса, әдетте өліммен аяқталады. Аурудың негізгі көзі-кәдімгі асыранды иттер болып есептеледі, өйткені Висцеральды лейшманиозбен әдетте иттер ауырады.

Ауру иттің белгілері: иттің денесінде, басында әсіресе, көзінің айналасында жүні түсіп, жарғақтанады, жараға айналады. Сондықтан, «Ит жеті қазынаның бірі» демей аса сақтықпен қарау керек. Әсіресе, бұралқы қаңғыбас иттер бұл аурумен жиі ауырады және жүрген жерінде ауруды тарататыны жұқтырып жүретіні ғылыми дәлелденген. Өз иттеріңізді байлап ұстап, аулаға қаңғыбас иттерді жолатпау қажет және маса-матақан шыққан кезде масахана және арнайы дәрілерді қолданып, адам өзін-өзі қорғап жүруі керек. Егер де итіңіз ауырып, жоғарыда көрсетілген белгілері бар болса, ветеринария мамандарына хабарласып көрсетіңіздер. Олар тиісті емін жасап, шара көреді.

Өз денсаулығың-өз қолыңда, ағайын. Осы аурудан сақ болайық.  




Құлтасов Бахытжан Қуанышұлы,
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер
зертханасының зертханашысы 
26 шілде 2023 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930