» » «Зомби ауруы»: Қазақстанда қауіпті вирус тарауы мүмкін

«Зомби ауруы»: Қазақстанда қауіпті вирус тарауы мүмкін

Фото: factcheck.kz
Америкалық ғалымдар зомби ауруы адамдарға жұғуы мүмкін деп қорқады. Өткен қарашада Йеллоустоун ұлттық саябағында бұғылардың өлімге әкелетін вирусты жұқтырған алғашқы оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылғандай, жануарлар арасында қауіпті вирус тарағанымен, адамдар арасында «зомби ауруы» әлі тіркелмеген.
«Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жануарлардан адамға жұғатын жұқпалы ауруларға тұрақты мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта Қазақстан халқына «зомби ауруының» қаупі анықталған жоқ», деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар бүгінгі күні адамға жануарлардан берілетін аурулар жеткілікті. Олардың ішінде бруцеллез, сібір жарасы, құтыру, листериоз, лептоспироз (адамда ауыр интоксикациямен, бүйректің, бауырдың, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен жедел қызба түрінде болатын инфекция, геморрагиялық синдромның дамуы ).
«2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан халқы арасында құтыру, сібір жарасы, лептоспироз және листериоз ауруы тіркелген жоқ. Алайда осы кезеңде республика бойынша бруцеллезбен ауыратын 41 жағдай тіркелді. Өткен жылы бруцеллездің 693 жағдайы анықталды. Республика бойынша лептоспироздың 20 жағдайы және листериоздың төрт жағдайы анықталды. Сонымен қатар сібір жарасының 37 жағдайы тіркелді», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
2023 жылы ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда сібір жарасынан бір адам қайтыс болған. 
31 наурыз 2024 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 252

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930