» » Маймылдан келген қауіп

Маймылдан келген қауіп

ХАЙУАННАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП. ҚАПҚАНЫ БЫЛАЙ ТҰРСЫН АУРУ ТАРАТАТЫНЫ ТАҒЫ БАР. ҚАЗІР ӘЛЕМДЕ МАЙМЫЛДАН АДАМҒА ШЕШЕК АУРУЫ ЖҰҒЫП ЖАТЫР. ДДҰ МӘЛІМЕТІ БОЙЫНША, ҚАЗІР МАЙМЫЛШЕШЕК АУРУЫНЫҢ 92 ЖАҒДАЙЫ РАСТАЛҒАН. ТАҒЫ 28 АДАМ КАРАНТИН АЙМАҒЫНДА.
Бельгия әлемде тарап жатқан жаңа індет – маймылшешек ауруына шалдыққан науқастарға арналған міндетті карантин енгізген алғашқы ел болды. Бұл туралы ел үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Карантин 21 күнге созылады. Үкімет мұндай шешімді 22 мамырда қабылдапты.
Британдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметі бойынша, бұл – сирек кездесетін вирустық инфекция. Ауру әдетте салыс­тырмалы түрде жеңіл өтеді және пациенттердің көпшілігі бірнеше апта ішінде қалпына келеді. Вирус адамнан адамға оңай берілмейді және жаппай жұқтыру қаупі өте төмен. Ұлыбританияда аурудың алғашқы жағдайы 7 мамырда тіркелді. Ұлттық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, ер адам жақында Нигерияға барған, онда ол Англияға оралмас бұрын вирус жұқтырған. Ұлыбританияда қазір тоғыз жағдай расталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекциялардың көзі әлі анықталмағанын айтады, бірақ инфекциялар ел ішінде пайда болған көрінеді.
ДДҰ мәлімдемесіне сәйкес, соңғы бірнеше аптада Бельгия, Франция, Германия, Италия, Португалия, Испания, Швеция және Ұлыбританияда маймылшешек ауруы анықталған. Еуропалық аймақтан тыс жерлерде Аустралияда, Канадада және АҚШ-та да тіркелген жағдайлар бар.
ДДҰ мәліметі бойынша, қазір маймылшешек ауруының 92 жағдайы расталған. Ұйым өкілдері тағы 28 адам карантин аймағында екенін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыған алаңдайды. Бұл неғылған жұқпалы дерт, оның адамзат үшін қаупі қандай? Ғаламторды ашып, суреттерді ақтардық. Жүктелген суреттерге қарасаңыз, жаныңыз түршігеді. Аты айтып тұрғандай, негізінен маймылдардан, кей жағдайда ұсақ сүтқоректі жануарлардан, кейін адамнан да жұғысу немесе тамшылар арқылы дем шығарғанда жұғады. Дене қызуы көтеріліп, әуелі бас пен бұлшықет ауырады. Үшінші-төртінші күні бет, қол, сосын бүкіл дене бөртіп кетеді.
Әлемнің кей мемлекеттері ешқандай науқас анықталмаса да, санитарлық дабыл жариялады. Әуежайларда барлық жолаушы қатаң тексерістен өтіп жатыр. Маймылшешекке қарсы әлі вакцина жоқ. Сондықтан Британия билігі медицина қызметкерлеріне кәдімгі шешекке қарсы вакцина салдыруды ұсынбақ.

Айнұр ӘЛИ
24 мамыр 2022 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031