» » СOVID-19: Әлемдегі ахуал

СOVID-19: Әлемдегі ахуал


Пандемия басталғаннан бері әлемде 81,9 млн адам ауру жұқтырып, оның 46 млн-ы емделіп шыққан. Ал 1,78 млн адам індеттен көз жұмыпты. Жалпы әлемдегі қазіргі эпидахуал қандай? Strategy2050.kz сайтының сараптамасына көз жүгіртелік.
Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ көш бастауда. Мұнда 18,9 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Үндістан 10,1 млн жұқтырушымен екінші орында болса, үшінші орында – 7,4 млн адам індет жұқтырған Бразилия тұр. Ал төртінші Ресей, бесінші орында Франция. Одан соң Ұлыбритания, Түркия, Италия, Испания, Германия, Аргентина мен Колумбияда 1,5 миллионнан астам адам вируспен күресуде.
Бірер күн бұрын Еуропада азаматтарды COVID-19-ға қарсы екпе егу басталды. Екпені Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, Испания және Италия тұрғындары ала бастаған. Ол ерікті түрде жүргізілуде.
Францияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғаны туралы алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл Лондоннан келген Франция азаматы екені расталды. Елде бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 20 мыңнан астам жаңа фактісі анықталған.
Жапония үкіметі осы аптада Ұлыбританиядан елге келген 5 адамнан коронавирустың жаңа штаммының табылғаны туралы ақпаратты растады.
ДДҰ коронавирустың жаңа штаммын жұқтыру оқиғалары 8 елде, оның ішінде Дания, Ирландия, Италия, Австралия және Нидерландыда тіркелгенін мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяда пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының тәуліктік максималды өсуі тіркелді. Яғни бір тәулікте 1 241 адам вирус жұқтырған.
Словакияда індеттің таралуының өсуі жаңа шыңға жетті. Өткен тәуліктерде инфекция тағы 4 мыңнан аса адамда расталды. 19 желтоқсаннан бастап мемлекетте көптеген дүкен жабылып, коменданттық сағат енгізілген.
Германияда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсуі 25 533 жағдайды құрады. Эпидемия басталғаннан бері Германияда 1 612 648 адам COVID-19 жұқтырған.
Халықаралық сарапшылар Ұлыбританияда табылған COVID-19 жаңа штаммы бүгінгі күні ғылымға белгілі мутацияларға қарағанда жұқпалы болуы – ауруханаға жатқызылатын және қайтыс болатын адамдардың саны артуы мүмкін деп мәлімдеген британдық ғалымдардың болжамына баға берді. Бірақ, вирусологтар мен эпидемиологтардың пікірі екі жақты.
Ал Лондон университетінің (UCLH) ғалымдары коронавирусқа қарсы жедел иммунитет жасақтайтын жаңа дәріні сынақтан өткізіп жатқаны туралы мәлімдеме жасады.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ

05 қаңтар 2021 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031