» » Анджелина Джолидің "зомби нұсқасын" жасаған қыз 10 жылға сотталды

Анджелина Джолидің "зомби нұсқасын" жасаған қыз 10 жылға сотталды

Журналист Анджелина Джолиден Голливуд жұлдызының "зомби нұсқасы" атанған ирандық қызға көмектесуін сұрады.


Журналист Масих Алинеджад Twitter-де видео үндеу жариялады. Ол ирандық Instagram жұлдызы Фатима Хишванд (белгілі Сахар Табар) 10 жылға түрмеге жабылды деп мәлімдеді.
"Мен 19 жастағы қыздың 10 жылға сотталғанын білдім. Оның қылмысы - фотошоп арқылы өзін Анджелина Джолидің зомби-нұсқасына айналдырғаны. Ол небәрі 19-да, ол жас, Instagram-да әзілдегісі келген. Ол түрмеде 10 жыл отырады. Анасы күн сайын жылайды, қызы кінәсіз. Біз оларға көмектесе алмаймыз. Сіз, Анджелина Джоли, бізге көмектесе аласыз, көпшілік алдында мәлімдеме жасай аласыз", - деді Алинеджад.
Фатима Хишванд 2019 жылдың 5 қазанында Instagram-да танылған үш әйелмен бірге қамауға алынған.
Алинеджад қыздың адвокатымен сөйлескенін айтты. Ол қыздың "қоғамда сыбайлас жемқорлықты насихаттады" деген айыппен 10 жылға сотталғанын айтты.
Хишвандқа күпірлік жасады, зорлық-зомбылыққа шақырды, жол берілмейтін әдіспен табыс тапты және жастар арасында сыбайластықты насихаттады деп айыпталды.
Фатима Хишванд 2017 жылы танымал болды. Содан кейін БАҚ Анджелина Джоли сияқты болу үшін 50 операция жасаған қыз туралы ақпарат таратты.
Кейіннен бойжеткен РИА Новостиге ота жасатпағанын, бірақ фотосуреттерді өңдегенін айтты. Сонымен қатар, ол Джолимен емес, мультфильмінің кейіпкеріне ұқсағысы келгенін айтты.
12 желтоқсан 2020 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930