» » Құтырма ауруынан сақтаныңыз!

Құтырма ауруынан сақтаныңыз!

Құтыру –орталық жүйке жүйесізақымдануының күшеюімен сипатталатын, адамдар мен жануарлар үшін өлімге әкелетін жіті жұқпалы ауру.
Құтыру вирусы табиғатта жабайы хайуанаттар арасында айналымда болады (түлкі, қасқыр, қарсақ, кеміргіштер), сонымен қатар үй жануарлары арасында да (ит, мысық, сиыр, қой, жылқы, түйе т.б.). Үй жануарлары ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады.
Ауру жануарлардың (хайуандардың) сілекейі арқылы жарақаттанған теріге түскен жағдайда жұғады, одан әрі орталық жүйке жүйесін зақымдайды да, бас пен жұлын миында жинақталып көбейеді, сілекей бездерімен сыртқы ортаға бөлінеді.
Үй жағдайында ұстайтын ит, мысықтарды ветеринар мамандарға көрсетіп, құтыруға қарсы екпелерін алдырып, ветеринарлық паспортының болуынаназар аударыңыз.Сонымен қатар, үй жағдайында иттерді байлауда ұстауды сұраймыз.
Құтыру ауруын қалай жұқтырады?
Адам мен жануарлар құтырумен ауырған жануардың тістеуі, сілекейлеуі арқылы жарақатталған тері мен шырышты қабықшалармен енуі арқылы ауруды жұқтырады. Құтыру сілекей арқылы беріледі. Әсіресе бастан және қол саусақтарынан жарақат алған жағдайлар өте қауіпті.
Құтыру ауруының емі жоқ! Алайда алдын алуға болады. Құтырған немесе оған күдікті деген жануарлардан жарақат алған адамдарды сақтап қалудың бірден-бір жолы - антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобуллин егу. Құтырудың алдын алу мақсатында жануардан жарақатталып, тістелінген, тырналынған және сілекейленген жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерге медициналық көмекке қаралуы керек. Жануарлардан зардап шеккен адамдар бірінші кезекте жарақат алған жерді сабынды сумен мұқият жуып, жарақаттың айналасын 70%-дық спиртпен немесе 5,0%-дық йод ерітіндісімен залалсыздандырып, дәрігерлік көмекке қаралғанға дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілуі керек.
Егер белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алса, жануарды мал дәрігеріне көрсету керек.Мал дәрігері жануарды 10 күндік бақылауда ұстап, сау болса, анықтама береді. Жарақаттаған иттен құтылуға болмайды. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 5 рет егу тағайындалады (0,3,7,14,28 күндері).
Құтыруға қарсы екпе тегін егіледі!
Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамау керек, балаларды күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырауүшін мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, тіркеп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіру керек.
25 қараша 2024 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031