» » Тері аурулары туралы біле жүріңіз

Тері аурулары туралы біле жүріңіз

qarmaqshy-tany.kz ДЕРМАТОФИТИЯ – БҰЛ АДАМДАР МЕН ЖАНУАРЛАРДА ПАРАЗИТТІК ТІРШІЛІК ЕТЕТІН ДЕРМАТОФИТ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН ЖҰҚПАЛЫ ТЕРІ АУРУЫ. МҰНЫМЕН КӨП ЖАҒДАЙДА ЕРЕСЕК АДАМДАР, ОРТА ЖӘНЕ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АУЫРАДЫ.
Негізгі инфекция көзі ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер болып табылады. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (тарақ, қайшы, киім, төсек жабдықтар және т.б.) арқылы, ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы мүмкін. Адамдар сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері), жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады. Аурудың алғашқы белгілері теріде қызарған дақтардың (қабыршақтану) пайда болуы, тырнақтың сынуы, дененің қышуы, ашуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.
Аталған дерттің алдын алу үшін жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау қажет. Монша, сауна, бассейндерге жеке резинкалық аяқ киім киіп, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, қолды мұқият сабынмен жуу керек. Қаңғыбас жанжануарлармен байланыспаған абзал. Сондай-ақ үй жануарларын міндетті түрде ветеринариялық дәрігерге көрсетіп тұрған абзал. Ал дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде тұрғылықты дерматолог дәрігеріне қаралуы керек.
Аянкүл ҚАРАЖАНОВА,
«Ұлттық сараптама орталығы»
аудандық бөлімшесінің дезинфекторы
18 қараша 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031