» » Адам папилломавирусы: қауіптілігі мен алдын алу жолдары

Адам папилломавирусы: қауіптілігі мен алдын алу жолдары

Адам папилломавирусы (АПВ) – бүкіл әлемде кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Ғалымдар вирустың 200-ге жуық түрін анықтаған, олардың кем дегенде 13-і қатерлі ісіктің дамуына себеп болуы мүмкін.
АПВ көбіне жыныстық қатынас арқылы жұғады. Жыныстық өмір бастағаннан кейін көп ұзамай инфекцияның таралу қаупі артады. Вирусты жұқтырған адамдардың көпшілігінде ешқандай айқын белгілер байқалмайды. Көп жағдайда организм вирусты өзі жеңіп шығады, алайда кейбір жағдайларда ол аногенитальды сүйелдерге немесе онкологиялық ауруларға алып келуі ықтимал.
Ең қауіптісі – АПВ жасушалардың қатерлі өзгерістерге ұшырауына түрткі болып, жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жатыр мойны обыры – әйелдер арасында кең таралған қатерлі ісіктің бірі.
Сондықтан да АПВ-ге қарсы профилактикалық вакцинацияның маңызы зор. Уақтылы егілген вакцина инфекцияның алдын алып қана қоймай, жатыр мойны обырының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді. Бұл – жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғаудағы ең тиімді құралдардың бірі.
Қорытындылай келе, АПВ – сырт көзге байқала бермейтін, бірақ ұзақ мерзімді салдары өте қауіпті вирус. Оның алдын алудың ең сенімді жолы – уақтылы вакцина алу.
Қ.ҚҰРАҚБАЕВА,
Қармақшы аудандық
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
жетекші маманы
25 қыркүйек 2025 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 116
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031