» » Адам папиллома вирусының алдын алу

Адам папиллома вирусының алдын алу

Адам папиллома вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі. Көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папилломавирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде қатерлі ісік құрылымында 2-ші орында.
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын – алудың бірден – бір қорғану әдісі-бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі, яғни ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
Адам папилома вирусына қарсы екпе жасау өте маңызды. Адам папилома вирусын жұқтырған кезде оны толық емдеу мүмкін емес, ал жүргізілетін вакцина оны алдын алады.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда 11-14 жасар қыз балаларға Адам папилома вирусына қарсы вакцинация жүргізілуде. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады. Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылатын болады, ол АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайды.
Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеген.
Құрметті ата - аналар келер ұрпағымыздың саулығына мән берейік!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
16 мамыр 2025 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30