ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ
Тамақтан улану - бұл зиянды бактериялардың, химиялық заттардың, улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктер токсиндерінің тамаққа түсуінен ас қорыту жүйесінің бұзылуы.
Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Қазіргі таңда халық арасында тамақтан улану көп кездескендіктен ауқымды түрде топтасқан тағамнан улаудың алдын алу, ботулизм уланудың алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, бағдарламасында: өндіріліп отыратын өнімнің сапа құжаттарының болуы, жарамдылық мерзімінің болу, дайын өнім мен шикі өнімдердің сақталуы, тауар көршілестігі, өнімнің қаптамасының сыртқы бүтіндігі, жарамдылық мерзімінің болуы, персоналдардың міндетті медициналық бақылаудан өтуі, медициналық кітапшаларының жұмыс орынында сақталуы, күнделікті жуу залалсыздандыру ережесінің сақталуы, кеміргіштердің болмауы, тұтыну қалдықтары, ас қалдықтарын күнделікті шығарылуы, тығыз жабылатын қақпақтарының болуын қатаң қадағалау қажеттігі көрсетілу жұмыстары жүргізілді.
Тамақтан уланудың белгілері ластану көзіне қарай әр түрлі болады. Тамақтан уланудың көптеген түрлері келесі симптомдарды тудырады:
Жүрек айнуы; Құсу; Сулы немесе қанды диарея; Іштің ауыруы және құрысулар; Безгек.
Үйде тамақтан уланудың алдын алу үшін:
* Қолдарыңызды, ыдыс-аяқтарыңызды және тағамның бетін жиі жуыңыз.
* Шикі тағамдарды дайын тағамнан бөлек ұстаңыз.
* Тез бұзылатын тағамдарды тез арада тоңазытқышқа салыңыз немесе қатырыңыз.
Симптомдар ластанған тамақты жегеннен кейін бірнеше сағат ішінде басталуы мүмкін немесе бірнеше күннен немесе тіпті бірнеше аптадан кейін басталуы мүмкін. Тамақтан уланудан туындаған ауру негізінен бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Сондықтан әрдайым тағамды дұрыс сақтау, дайындық кезінде гигиена ережелерін сақтау, өнімдердің жарамдылық мерзіміне мән беру және қоғамдық тамақтанатын орындарда сақ болу арқылы өзімізді және жақындарымызды бұл қауіптен сақтай аламыз. Бұл қарапайым, бірақ маңызды қадамдар денсаулығымызды сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Смайлова Алия Сейтбекқызы,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық
бақылау, техникалық регламенттер
талаптарының сақталуын бақылау бөлімі
бас маманы