» » Қармақшы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді

Қармақшы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді



Қармақшы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде тамақтан уланудың болу мүмкіндігі туралы ескертеді.
Наурыз мейрамы көктемгі жаңару символы, махаббат, достық мерекесі. Наурызды тойлағанда концерт қана болмайды, сонымен бірге әдетте әртүрлі тағамдар мол дайындалады – наурыз көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер.
 Тамақтан улану (интоксикация) – ауқымды және кеңінен таралған аурулар тобы. Кез келген уланудың тікелей себептері – санитариялық нормаларды сақтамау немесе микроорганизмдердің белгілі бір түрімен ластанған немесе организм үшін уытты микробтық не микробтық емес заттар бар өнімдерді тамаққа тұтыну.
Атап айтсақ, статистикалық деректер бойынша  республика бойынша 14-ші аптада (26 наурызға қарай) ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, әсіресе бұл көрсеткіш 14 жасқа дейінгі балалар арасында жоғары. Сондай-ақ тұрмыста тамақтан улану белгілері бар зардап шегушілер санының өсуі байқалады. Бұдан басқа топтық тамақтан улану, оның ішінде үй ошағына байланысты тұрмыстық улану жағдайлары тіркеледі.
Тамақтан улануға қатысты барынша қауіпті өнімдер тез бұзылатын өнімдер, оның ішінде салаттар (бірінші кезекте майонез немесе қаймақ қосылған), кремі бар кондитерлік бұйымдар, фарштан жасалған өнімдер (котлеттер, рулеттер, паштеттер), сілікпе және т.б..
Нашар жуылған жемістер, көкөністердің бетінде инфекциялық аурулар, оның ішінде вирустық инфекциялар қоздырғыштары қалып қоюы мүмкін. Аудандық басқармасы ЖІИ мен ТТИ-дің пайда болу себептері туралы еске сала отырып, көпшілік шоғырланатын  орындарда:
- Сауда дүкендері мен дүңгіршіктерден тыс жерде жеке адамдар сататын тамақ өнімін, әдетте наурыз көже және қымызды сатып алмауға тырысыңыз;
- Дайын өнімнің ет, тауық еті қосылып пісірілетін тағамның, кәуап, хот-дог, сэндвичтің сақталуына назар аударыңыз, олар тиісті температурада сақталуы, демек сауда орнында міндетті түрде болуы тиіс тоңазытқыштарда сақталуы тиіс;
- Барлық өнім оралған болуы тиіс, қаптамаларында тағамның шығарылған күні, өндірістік кәсіпорын атауы көрселеді;
- Сіз сатушылардың жеке медициналық кітапшаларын, өнімнің құжаттарын сұратуға, өзіңізге қандай кәсіпорынның қызмет көрсететін нақтылауға және наразылығыңыз болса, мәселені шешу үшін  аумақтық бөлімшелерінің немесе ІІД мамандарын шақыруға толық құқылысыз;
- Егер суық жерден тыс сақталатынын көріп тұрсаңыз, кремді-кондитерлік өнімді сатып алмаңыз;
- Бағасы төмендетілген тамақ өнімдері сатылғанда өнімнің сақталу мерзімін мұқият зерделеңіз, сатудың соңғы мерзіміне дейін 2-3 күн қалуы мүмкін.
- Үйде ас үйде тамақтан уланудың алдын алу.
Мереке күндері үйде тамақтан уланудың негізгі себептері жеке гигиена қағидаларын сақтамау, дайындау технологиясын, температуралық режимді, сақтау жағдайларын бұзу болып табылады. Сондықтан мерекелік үстелге тамақ дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, шикі және дайын тағамның бірге сақталуына жол бермеңіз, тамақтан уланудың алдын алу шарасы тоңазытқышта өнімдерді дұрыс орналастыру болуы тиіс: дайын тағамдар тығыз жабылған ыдыстарда және шикі өнімдерден (ет, балық, көкөністер мен жемістер) алыс орналастыруы тиіс.
Құс етінен дайындалған дайын тағамдар, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез немесе қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті нандар) анағұрлым үлкен қауіп төндіреді. Белгісіз өндірушіден үйде дайындалған өнімдерді (наурыз көже, айран) сатып алмау керек екенін есте сақтаған дұрыс. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында инфекциялық аурулар мен тамақтан уланудың алдын алу. Әдетте мереке күндері қоғамдық тамақтану және сауда объектілері аспаздық, кремді кондитерлік өнімдерді көп мөлшерде дайындайды. Бұл күндері сақтау және сату мерзімдері қысқа болатын әртүрлі салаттарға, ет және балық тағамдарына, ет сілікпесіне, ет құймасына, құс етінен дайындалған тағамдарға және т.б. қажеттілік артады. Осыған байланысты тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың  болуына, оларды сату және сақтау жағдайларына назар аудару қажет.
Кәсіпкерлердің өздері:
-Аумақтық басқармамен сатылатын өнімнің ассортименті мен тізбесін келісу;
-Өнімді сақтау жағдайларын  орындап, тез бұзылатын өнімдер мен дайын тағамдарды сатқан кезде  тоңазыту жабдығының жеткілікті санының болуын қамтамасыз етуі;
-Сатушылар мен қызмет көрсететін персоналдардың жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдайдың болуын қамтамасыз  ету;
-Персоналдардың арнайы киімінің  болуын қамтамасыз етуі қажет.
Тағамдарды іс-шара  басталардан көп  уақыт бұрын дайындамауды және оларды үстелге қоймауды  және оларды  қажетті температуралық режимді орындап сақтауды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Дайын тағамдарды сақтау мерзімінің бұзылуына жол бермеңіз!
Сондай-ақ, ата-аналар мен білім беру объектілері басшыларының назарына! Баланың улануы – ата-ана тәжірибесінде жиі кездесетін жағдай. Улану іштің ауыруы, жүрек айнуы, іштің өтуі, құсу, жалпы әлсіздікпен сипатталады және адам бозарады, маңызды симптомдары ұйқышылдық, эмоциялық аянның өзгеруі болып табылады.
Ең алдымен  майлы тағамдар (бауырсақ, ет, қуырдақ, салаттар) сонымен қоса, тәттілер, кремдік тағамдар- бұл тағамдарды әдетте ата-аналардың көбі үйде түрлі жағдайда дайындайды және әрқашан оларды салқындату, сақтау және тасымалдау бойынша талаптарды сақтай бермейді. Осыған орай ішек таяқшасы,  стафилакокк, сальмонелла және т.б сияқты микроорганизмдермен улану қаупі жоғары.
Өзіңізге артық проблеманы болдырмау үшін, қарапайым профилактикалық қағидаларды ұстанып, жағымсыз жағдайды болдырмау өз қолынызда. Балаларынызға көніл бөлініз, олармен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз. Олар саналы және хабардар болып өссін. Өзіңізді  және балаларынызды қорғаңыз! Денініз сау болсын!
20 наурыз 2019 ж. 1 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031