» » Тағамнан уланудың алдын алайық

Тағамнан уланудың алдын алайық

Фото
Тағамнан улану – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әртүрлі токсиндерімен, сонымен қатар улы заттар мен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру.
Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсико инфекция туындауы мүмкін.
Сапасыз өнімдер дегеніміз – түрлі микроорганизмдер және токсиндер мен жұқтырылған азық-түліктер. Жануарлардан алынатын өнімдер ең қауіпті болып табылады (ет, балық, шұжық консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ). Әсіресе уақталған ет-паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады. Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң көрінуі мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына, адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты.
Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше, яғни тағамдарды сақтау және дайындаудың қарапайым қағидаларын орындау керек:
– қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
– тамақты дұрыс дайындау;
– тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
– жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егер де дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда оны пайдалану алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру);
– шикі және піскен азық-түлік өнімдері арасындағы байланысқа жол бермеу;
– жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау, қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе ас ішер алдында және дәретханадан кейін;
– қайнатылған, сапалы, таза ауызсуды пайдалану;
– көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағынды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
Тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 °С температурада сақтау;
– кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
– үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
– үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.
Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтасаңыз, Сіз өзіңізді және жақындарыңызды аурудан сақтайсыз.
Айгерім ҚАЛДЫБЕКОВА,
аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді
бақылау бөлімінің бас маманы
03 қазан 2024 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031