» » Алдын алған ауруға шалдықпас

Алдын алған ауруға шалдықпас

qarmaqshy-tany.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде «Атамекен» ҚР ҰКП филиалдарымен бірлесе санитариялық ережелердің талаптарын сақтау және тамақтан уланудың алдын алу бойынша қоғамдық тамақтану объектілерімен аудандық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Оған облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы А.Өтегенов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекші маманы А.Асанова және сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындарының кәсіпкерлері қатысты.
Семинар барсында Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында мемлекеттің қаржысына сатып алу жұмыстарын жүргізу, 2015 жылғы 29 қазандағы No375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 148 бап, 147 бап 1 тармақшасына, 141 бабының 3 тармағы 11 бөлігінің 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілде No360- VІ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 43 бабының тармақтарын, «Санитариялық эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы No334/2020 бұйрығына сәйкес, өнімдер іріктеліп, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілетіндігі айтылды. Аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасымен ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында өнімдердің қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу барысында Жосалы, Төретам кенті, Ақай елді мекендерінде орналасқан 11 сауда орнынан барлығы 165 сынама алынып, 11 өнімнен 13 сәйкессіздік анықтады. Оның ішінде 1 органелептика, құрғақ қалдық 1, мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганизмдер саны 2, ішек таяқшалар тобындағы бактериялар ІТТБ 0,0001 г2, таңбалану 4 сәйкессіздік анықталған. Сауда саласы кәсіпкерлері әрбір өнімнің таңбалануына, мемлекеттік және орыс тілінде, өнімнің атауына, мекеменің аты және орналасуына, өнімнің шыққан күні, жарамдылық мерзіміне, құрамына, салмағына, тағамдық құндылықтың көрсеткіштеріне, КО мүше мемлекеттер арасына жүруге ыңғайлы белгі ТС ЕАС, ГМӨ қолданылғаны жөніндегі ақпараты бар өнімдерді халыққа тұтыну туралы түсіндірмелер жүргізді. Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық, не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады. Тамақтан улану микробты және микробсыз болып бөлінетіндігі, токсико инфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер (ішек таяқшалары – Е.coli:Протей таяқшасы, Cl.perfringens; Bac.cereus) екендігін түсіндірді. Тамақтан уланудың профилак- тикасына басты назар аудару қажеттігін көрсетті. Ол үшін қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз, тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз, пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз, азық-түліктерді мұқият сақтаңыз, алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздырыңыз, шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз. Сондай-ақ қолыңызды жиі жуып тұрыңыз, ас үйді таза ұстаңыз, таза суды пайдаланыңыз, тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ ұстаңыз. Әрбір тұтынушы тағамды қолданар алдында оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қатаң мән беру қажеттігін басқарма бас маманы А.Смайлова жан-жақты түсіндіріп өтті.
«Қт» ақпарат
30 қараша 2022 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031