» » Қазір СЭС-те сес бар ма?

Қазір СЭС-те сес бар ма?

Көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген түрлі жайттарға өзімізде кезігіп жүрміз. Әсіресе, балабақша, мектеп оқушыларының тағамнан уланып жатқаны көптеп орын алуда. Осы жағдайды алдын алу үшін бізге көмекке СЭС қызметкерлері келеді. Десе де, СЭС-ті көрсе кірпіше жыйырыла қалатындар жоқ емес-ау, сірә?! Жалпы СЭС-тің негізгі міндеті қандай? Тақырыпты тарқату мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жол тарттық. Мекеменің негізгі міндеті мен атқарылып жатқан жұмысымен таныстық.
Сала бойынша тексеру барысында үстіміздегі жылдың І тоқсанында 31 обьектіге тәртіп бойынша тексеру жүргізіліп, 37 айыппұл (769600 теңге көлемінде) салынып, 31 санитарлық ұйғарым берілген. Жоспардан тыс 20 обьектіде санитарлық ұйғарымдардың орындалуы тексеріліп, кемшіліктер анықталмаған. Аудандағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электронды түрде қызмет түрін алуға заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлерден 42 өтініш түсіп, оның 12-сі өтінішінен бас тартқан. 20-сына оң қорытынды беріліп, 5-еуінің жобасы келісілмей, кері қайтарылып, 5-еуіне дәлелді бас тартылған. Осы жылдың есепті мерзімінде 7 сауда обьектісінен 47 өнімге 100 мың теңгеге сатып алынып, зерттеу жұмыстары ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында жүргізіліп, қорытындысымен сәйкессіздік анықталмаған. Санитарлық-эпидемиология мамандарының берген мәліметі бойынша аудан көлемінде жедел ішек инфекциясымен 2 жағдай, тамақтан уланумен 1 жағдай, аса қауіпті туберкулез аурумен 5 жағдай, 4 кене шағу фактісі мен 62 жан-жануарлармен жарақат алу жағдайы тіркелген.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 21-1-бабының 2-ші тармағына сәйкес эпидемиялықмаңыздылығы жоғары обьектілер санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауына тиым салынған. Мұндай обьектілерге кремді кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектілер, отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, ет, сүт, балық, май, құс өнімдерін, нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру жөніндегі объектілер, стоматологиялық қызметтерді көрсететін объектілер, тері және сілемейлі қабықтың бұзылуына байланысты қызмет көрсететін емдеу-косметологиялық орталықтар, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар енгізілген.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мекемеде ұйымдастырылуда. Басқармада осы дерттің алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Сондай-ақ, мекеменің ішкі және сыртқы бөліктерінде бейне бақылау орнатылған. Кіре берісте кеңес алушыларға көрнекі құрал ретінде ақпараттандыру тақталары ілінулі тұр. Мұнда комитет, департамент, басқарма басшыларының аты-жөндері, байланыс телефондары толық көрсетілген. Кеңес алушыларды кеңес беру бөлмесінде қабылдап, тіркеу журналы жүргізіледі. 3 маманның қатысуымен кеңес алу жұмысы жүргізіледі. Мамандардың обьектіге немесе лауазымдық міндеттеріне сәйкес жұмыс бабымен шыққан кезде арнайы журналға тіркеледі. Мамандармен еңбек тәртібінің, жұмыс мәселесіне байланысты әдептілікті сақтау күшейтілген. Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарға, регламенттерге қатаң сәйкестікте көрсетілуі қамтамасыз етуде, мемлекеттік қызмет түрлері жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, «сенім телефоны» арыздарға арналған пошта жәшігі орнатылған.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының негізгі міндеті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жүргізу. Халық арасында жұқпалы, аса қауіпті жұқпалы, тағамнан уланудың, сонымен қатар, соматикалық аурулардың алдын алуда түсіндірме жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ал, егер ауру орын алған жағдайда санитариялық қағидаларға сәйкес уақытылы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіп, эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырады. Өнімдер Еуроазиялық экономикалық Одаққа мүше елдердің техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында мемлекеттің қаржысына сатып алу жұмыстарын жүргізе отырып, өнімдердің адам өміріне және денсаулығына қауіптілігін анықтайды. Сонымен қатар, эпидемиялық маңызды обьектілерге қадағалау қызметіміз бар, эпидемиялық маңыздылығы жоғары обьектілерге рұқсат құжаттары беріледі, дейді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Басқарма өткен жылдың көлемінде және 2018 жылдың І тоқсанында Қармақшы ауданы көлеміндегі заңды тұлғалар, кәсіпкерлер мен олардың жұмыскерлері арасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамаларының талаптарын түсіндіру мақсатында 51 семинар, 12 дөңгелек стол, 18 құқықтық оқу өткізіп, облыстық және жергілікті басылымдарда 70 мақала жарияланған. Алдағы уақытта да осы тақырыпта тиісті іс-шаралар өз жалғасын таппақ.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
20 мамыр 2018 ж. 1 606 1

JeaCold от 11 наурыз 2019 07:05
Buy Nolvadex Uk Order Amoxicillin Overnight Shipping http://kamagorder.com Priligy Drug Interactions Viagra Proffesional Online Australia

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031