Құрылтай
» » Мектеп асханаларына жұмыс жасауға рұқсат етілді

Мектеп асханаларына жұмыс жасауға рұқсат етілді


9 ақпанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д.Жанабергенова қол қойған №2 қаулы шықты. Қаулыға сай Қызылордада мектептер мен оқу орындарындағы асханалардың жұмыс жасауына рұқсат берілді.
Қаулыдан: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету».
Құжатта қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндігі жазылған.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


10 ақпан 2021 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31