» » Тағамнан уланудың алдын алу

Тағамнан уланудың алдын алу

Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әртүрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттар мен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру.
Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсико инфекция туындауы мүмкін.
Сапасыз өнімдер дегеніміз түрлі микроорганизмдер мен және токсиндер мен жұқтырылған азық-түліктер. Жануарлардан алынатын өнімдер ең қауіпті болып табылады (ет, балық, шұжық консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ). Әсіресе уақталған ет – паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады. Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң көріну мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты.
Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше, яғни тағамдарды сақтау және дайындаудың қарапайым қағидаларын орындау керек
-қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
-тамақты дұрыс дайындау;
-тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
-жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егер де дайын тағам ертенгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру);
-шикі және піскен азық-түлік өнімдері арасындағы байланысқа жол бермеу;
-жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау, қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе ас ішер алдында және дәретханадан кейін;
-қайнатылған, сапалы, таза ауыз суды пайдалану;
-көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
Тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау;
-кремді-кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
-үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару және шыбын, жәндіктерді болдырмау;
-үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.
Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтасаңыз Сіз өзіңізді және жақындарыңызды аурудан сақтайсыз.
Айгерим Калдыбекова, 
Қармақшы аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының
Санитариялық – гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді
бақылау бөлімінің бас маманы
24 қыркүйек 2024 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031