» » ЖРВИ мен тұмау ауруларының эпидахуалы, және аурудың алдын алу туралы

ЖРВИ мен тұмау ауруларының эпидахуалы, және аурудың алдын алу туралы


Эпидемиологиялық ахуалы. Ауданымызда жыл басынан бері жедел респираторлық инфекциямен ауырған тіркелген науқас саны – 5546, оның ішінде 14 жасқа дейінгілер саны – 3579. Тұмау ауруымен ауырған науқас саны – 3. Барлығы уақытылы ем – домын алып, жазылуда. Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – өте тез таралатын жұқпалы, ауа қоздырғыштары ауа арқылы таралатын, тұмау тудыратын тудыратын кең тараған аурушаңдық түрі.
ЖРВИ кезінде не болады? Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.

ЖРВИ мен тұмауды алдын алу: Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
* Екпелік алдын алу;
* Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
* Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту.
Дәрімен алдын алу. Егер Сіз ауырып қалсаңыз, басқа адамдармен байланысты барынша азайту және емдеу бойынша нұсқау алу үшін шұғыл дәрігерді үйге шақырыңыз. Жеке күнделікті гигиена шараларын ескере отыра және науқастанған күннен бастап 7 күн ішінде үйде қалыңыз. Тұмауды алдын алу үшін прпараттар барынша түрліше, оларды тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет. Кейбір дәрілік өсімдіктердің вирусқа қарсы қасиеті бар. Көне грек заманында да дәрігерлер тұмау кезінде лимон мен апельсин, бал мен қалампырды қолданған.
Жеке және қоғамдық гигиена ережесін қадағалау.
Тұмау таралмау үшін алдын алу іс-шараларын қолдану қажет және де әр адамның қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді қолдана отыра, аурудың және тұмаудың таралу қауібін азайта алады. Сондықтан әркім тап болатын жағдаяттарды қарастырайық және жағдаяттардың барлығына нақты қажетті алдын алу іс-шараларын тізіп шығайық.
Науқас адамдармен байланыстан алшақ болу;
Науқасқа 1 метрден жақын жақындамау;
Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде демперде кию;
Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау;
Бөлмені жиі желдету;
Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.
 Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
20 желтоқсан 2024 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 982

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031