» » ЖРВИ тұмау ауруларының алдын алу шаралары

ЖРВИ тұмау ауруларының алдын алу шаралары

Қармақшы ауданы бойынша ағымдағы жылы аудан тұрғындарын тұмауға қарсы егуге, жоспарға сәйкес 7200 вакцина әкелініп, бүгінгі күні аудан тұрғындары толық егумен қамтылды.
ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (Жедел респираторлық ауру) – тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымдануы. Вирустар мен бактериялармен шақырылады. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе тұмау деп атайды. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы енеді. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін. ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
Екпелік алдын алу;
Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
Жеке және қоғамдық гигиена ережесін қадағалау.
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады.
Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек- қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту.
Дәрімен алдын алу
Тұмауды алдын алу үшін перепараттар барынша түрліше, оларды тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет. Кейбір дәрілік өсімдіктердің вирусқа қарсы қасиеті бар. Тұмау кезінде лимон мен апельсин, бал мен қалампырды қосымша қолданған жақсы.
Жеке және қоғамдық гигиена ережесін сақтау.
Тұмауы таралмау үшін алдын алу іс-шараларын қолдану қажет және де әр адамның қарапайым санитарлық- гигиеналық ережелерді қолдана отыра, аурудың және тұмаудың таралу қаупін азайта алады.
Науқасқа 1 метрден жақын жақындамау;
Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде демперде кию;
Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау;
Бөлмені жиі желдету;
Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
14 қазан 2024 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930