» Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталады?

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталады?

Фото: BAQ.KZ
Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 2023 жылғы 11 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "2023-2024 жылдары эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" №6 қаулысына қол қойылды. Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді, - делінген құжатта.

Оның ішінде:

осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;
медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;
Орта білім беру ұйымдарында:

бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;

бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.

baq.kz​​​
---
14 қыркүйек 2023 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031