» » Қызылорда облысында эпидахуал тұрақты

Қызылорда облысында эпидахуал тұрақты



Қызылорда облысы бойынша эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық вирусты инфекциясын 19745 адам жұқтырған.
Ауруға шалдыққандардың 64,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 24,1 пайызы 1 жасқа дейінгі нәрестелер.  Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25 пайызды құрап отыр. Ауруханаға жатқызу  көрсеткіші  жалпы облыс бойынша 11%. 
«Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингке сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткіштің бақылау деңгейінен асып, эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ. Дегенмен өткен жылдың ағымдағы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39%-ке жоғары. 2021-2022 жылғы эпидмаусымда  ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен 3087 науқастан алынған анализдер Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында ПТР әдісімен тексеріліп, 9 сынамадан тұмау анықталды. Басым бөлігі облыс орталығында тіркелді. Сонымен қатар 1871 сынама тұмау емес ауруларға тексеріліп, нәтижесінде 15 аденовирус, 1 парагрипп, 2 РС вирус тіркелді», – делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, тұмау  ауруының алдын алу мақсатында  80186 доза вакцина алынған. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 95,6 пайызына тұмауға қарсы вакцина салынды.


25 наурыз 2022 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 801
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031