» » Қызылорда облысында эпидахуал күрделі

Қызылорда облысында эпидахуал күрделі



Қызылорда облысының эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 622 жағдайы анықталды. Бұл өткен жылғы желтоқсанда тіркелген көрсеткіштен 22-есеге жоғары. Соңғы тәуліктің өзінде 399 жағдай тіркелді, бұл бүкіл пандемия кезеңіндегі облыс көлемінде анықталған антирекордтық көрсеткіш.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова хабарлады.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының қарқынды таралуының негізгі себептері – тұрғындар тарапынан мереке күндері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындаудың бұзылуы, сонымен қатар айналымда «омикрон» штамының болуы ықтимал деген болжам бар. Сондықтан зертханалық жолмен толық геномды секвинерлеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына іріктеп алынған үлгілер жөнелтілген. Нәтижесі қосымша хабарланады.
«Эпидемиологиялық талдаулар көрсеткендей, екпе алған адамдар арасында коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіштері небәрі 0,4%-ды құрайды. Ал науқастанғандардың 99,6% коронавирусқа қарсы вакцина алмаған адамдар арасынан анықталып отыр. Бұл өз кезегінде екпенің жоғары тиімділігін көрсетеді. Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1-ші турынан өткен тиісті контингент көрсеткіші 92,5 пайызды құраса, вакцинациялаудың толық курсынан өткен адамдар саны 87,4 пайызға жетті. Пфайзер препаратымен иммундаудың 1-турынан 20 286 адам, 2-турынан 11 405 адам өтті», – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Екінші маңызды мәселе-ревакцинация. Бастапқы вакцинациялаудан соң белгілі уақыт өткеннен кейін иммундық қорғаныс төмендей бастайды. Осы кезде қосымша дозаны алу маңызды. Себебі қорғаныш деңгейі әлсіреген ағза вирус жұқтыруға бейім келеді Ревакцинация жасау үшін облыста екпе қоры жеткілікті. Жақын арада ревакцинациялау үшін ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» препараты келеді деп күтілуде. Өткен жылдың қарашасынан басталған ревакцинациядан барлығы 35 276 адам өтті. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Kyzylorda-news.kz. 



20 қаңтар 2022 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031