» » Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 426 оқушы Covid-19 жұқтырған

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 426 оқушы Covid-19 жұқтырған

Оқу жылының басынан бері Қазақстанда мектеп оқушылары арасында Covid-19 жұқтырудың 426 жағдайы тіркелді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

школа пандемия
"Әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша аталған балалардың ауруды демалыс уақытында жұқтырғаны және коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастармен байланыста болғаны анықталды”, – деді Зәуре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, барлық байланыста болған 3 мыңнан астам оқушыға ПЦР-зерттеу жүргізілген. Олардың үшеуінде ғана ПЦР тесті коронавирус инфекциясының бар екенін растады.
Республика мектептеріндегі 241 сынып карантинге жөнелтілді. 356 сыныпта бір ауру жағдайы тіркелсе, 62 сыныпта – әрқайсысы екі жағдай, 11 сыныпта – үш жағдай тіркелген. 
Алматыда 23 сынып карантинге жабылған, барлық мектептер офлайн форматта жұмысын жалғастыруда.
09 қыркүйек 2021 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 279
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031