Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов жедел-жәрдем жұмысымен танысты
Бүгін Сыр еліне сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жедел-жәрдем жұмысын мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді.
2020 жылдың маусым айының шақырыстың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7 пайыз азаюы байқалады. Ал соңғы 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақырыс саны 39 пайызға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5 пайызға, пневмония жағдайлары 60 пайызға төмендеген.
Вице-премьер жедел-жәрдем стансасының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі Сall орталықтың жұмыс процесін бақылады. Әрбір түскен қоңырауларға жауапты әр диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген. Бүгінде вирус індеті басылған кезде шұғыл қоңыраулар азайған. Шақырыс көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел-жәрдем тобына 30-35 шақырыс, қазір тәулігіне 16-18 шақырыс, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырыстан орындалуда.