» » Тұмаудан сақтанудың жалғыз жолы – иммундық жүйені күшейту

Тұмаудан сақтанудың жалғыз жолы – иммундық жүйені күшейту


Бүгінде ауа райының құбылмалы болғандығына байланысты тұрғындар арасында ЖРВИ вирусы кең таралуда. Жалпы жыл басынан бері облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 33 456 жағдайы тіркелген. Ауруға шалдыққандардың 65,6 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Осыған байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында денсаулық сақтау саласының жауапты мамандары облыс тұрғындарын барынша сақ болуға шақырып, иммундық жүйені күшейтуге кеңес берді.

-Қазіргі таңда ЖРВИ-дың аурушандық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда жоғарылағаны байқалады. Әсіресе, балалар арасында тұмаудың бірнеше түрі кең таралуда. Тұмау және жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын алу мақсатында арнайы кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Одан бөлек, күнделікті мониторинг жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша ЖРВИ жəне тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге барлығы – 315 төсек-орын дайындалды және қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленді. Өздеріңіз білетіндей, күзгі мезгілде тұмау вирусы өршіп, аурушандық көрсеткіші көбейеді. Сондықтан тұрғындар көпшілік баратын орындарда сақтық ережелерін ұстанып, тұмауға қарсы дәрумендер қабылдаған жөн. Сондай-ақ, ЖРВИ-ға қарсы вакцинация қабылдағаны абзал. Осы екпе арқылы адам ағзасы вируспен күресіп, одан жеңіл өтуге ықпал етеді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова.

- Тұмау вирусы көптеген елдерде эпидемиялық сипатта таралатын жаһандық инфекция ретінде танылған. Оның эпидемиологиялық маусымы күз, қыс және көктем мезгілдеріне сәйкес келеді. ДДСҰ халықты тұмаудан қорғанудың тиімді әдісі ретінде оған қарсы вакцинациялауды ұсынады. Осы мақсатта биыл аймаққа Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 84 430 дозасы әкелінді. Бүгінде 34 969 адам тұмауға қарсы екпе қабылдап, қорғаныш қабілеттерін күшейтті. Қазіргі таңда ең жиі кездесетін тұмаудың асқынған түрі – пневмония. Басқа да жиі кездесетін асқынулар - бронхит, синусит, отит, миозит, миокардит сынды түрлері. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы ауруы бар науқастарда, қарттар арасында ауыр түрде өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болғаннан аймақтық дәрігерлерді шақыртып, дер кезінде ем алу қажет, - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

-Қазіргі таңда ЖРВИ-мен қатар қызылша ауруына шалдыққандар көбейіп барады. Оның ішінде бұл вирус 1-5 жас аралығындағы балалар арасында жиі кездеседі. Сондықтан қызылшаға қарсы екпе алу өте маңызды. Бұл аталмыш ауру ауа арқылы таралатын болғандықтан жұқтыру қаупі өте жоғары. Әсіресе жүкті әйелдер мен қарт кісілерде қызылша ауруы ауыр жағдайда өтеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 162 науқас стационарлық ем қабылдауда, ал ауыр жағдайдағы 5 науқас дәрігерлердің бақылауында. Осы ретте тұрғындардан барынша сақтануға және дер кезінде қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз, - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 қазан 2023 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031