» » Тұмау деміктірмесін десеңіз...

Тұмау деміктірмесін десеңіз...

qarmaqshy-tany.kz Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел, жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі, өйткені олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. Тұмау және басқа ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен ұжымдарда инфекция тез таралады.
Сурет ашық дереккөзден алынды

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалу және уыттану белгілерімен сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген, түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.
Тұмаудың белгілері мыналар – тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусы түр-түрге бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін созылып қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып (отит, гайморит) ауруларына айналады.
Тұмау және ЖРВИ алдын алуға, баланы вирустан қалай сақтауға болады?
Бірінші, вакцинация. Жылына бір рет күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің ауданымызда ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері мен медқызметкерлері егіледі.
Екіншіден, тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты көмектеседі, соның ішінде: жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты шомылу шаралары) жатады.
Үшіншіден, үйдің тазалығын сақтау – қоршаған орта әсерінен тұмау вирусы тез жойылады (тұрақты түрде бөлмелерді желдету және ылғалды тазарту, бөлме температурасын 20-24oС және ылғалдылықты 30- 35% аралығында ұстау);
Төртіншіден, көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Бесіншіден, дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру. Мұрын қуысына «Оксолин» майын жағыңыз. Ол вирустың таралуына тосқауыл болады. Оны науқас та, сырқаттанбаған адам да пайдалануға болады. Баланы үй жағдайында өзіңіз емдемеңіз. Бұл оның денсаулығы мен өміріне қауіпті. Дәрігер шақыртыңыз – себебі тек білікті маман ғана дұрыс диагноз қойып, ем-шара тағайындай алады. Бала сырқаттанса не істеу керек? Ең бастысы – үйде қалыңыз. Осылайша сіз балаңызды аурудың асқынуынан сақтайсыз.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болса үйде қалыңыз, төсек режимін сақтаңыз, бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз, мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде (маска) киген жөн, сусын, шай, шырын түрінде сұйықты көп ішіңіз, жеке бас тазалығын сақтаңыз, дәрігерді үйге шақырып, ұсыныстарын қатаң сақтаңыз.
Жіті респираторлық вирустық инфекция және басқа да вирусты ин фекциялардың алдын алу шаралары. Ол үйден шығарда мұрныңыздың ішіне оксолин жақпасын жағыңыз, адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз, сұйықты көп ішіңіз, таза ауада көп жүріңіз, С дәрумені бар тағамдарды пайдаланыңыз, халық емін қолданыңыз(пияз, сарымсақ).
Биылғы жылы аудан бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциямен бүгінгі күнге дейін 221 тұрғын дәрігерлік көмекке жүгінген. Жас шамасымен бөлсек 0-4 жас аралығында – 132, 5-14 жас – 27, 15-29 жас – 27, 30-64 жас – 34, 65 жастан жоғары 1 науқас дәрігерге қаралған. Осылардың ішінен 18 науқас аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен ем-дом қабылдаған. Оның 5-еуі жүкті әйелдер болса, қалған 4-еуі бір жасқа дейінгі балалар, 9-ы ересектер. Бүгінгі күнге дейін эпидкезеңділік басталғалы облыстық вирусаллергиялық зертханасына ЖРВИ-мен ауырған науқастардан 17 сынама алынып, оның 3-нен тұмауға қарсы оң нәтиже анықталған.
Қ.ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитарлық- эпидемиологиялық басқармасының жетекші маманы
03 ақпан 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031