» » Сібір жарасы (түйнеме) - жұқпалы аса қауіпті ауру

Сібір жарасы (түйнеме) - жұқпалы аса қауіпті ауру

Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы көп жағдайда терілік формада кездеседі, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін. Аурудың қоздырушысы – таяқша пішінді аэробты бактериялар, бұл бактериялар адам немесе жануарлар ағазасынан тыс жерде споралар түзіп, қоршаған ортада топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады. Сібір жарасын адамға жұқтырушы көзі - үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады.
Адамға ауру мал сою кезінде, терісін өңдеуде және бактериямен спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолданғанда жұғуы мүмкін. Ауру көбінесе теріні зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін дақтың орынында мыстың түсіндей папула пайда болады.
12-24 сағаттан кейін серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға (карбункул) айналады. Жараның айналасы қызарып, ісіп 1-2 аптадан кейін жараның ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды қабыршаққа айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көміртәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды.
Карбункулдың ең көп орналасатын жері – аяқ-қол, мойын және желке. Қосымша әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі. Дер кезінде емделмеген немесе кеш емделгенде өлім-жітім қаупі арта түседі. Ауырған адам аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралса, толығымен жазылып кетуге болады.
Тұрғындарға аурудың алдын алуда кеңес:
- аурудың белгілері байқалған кезде міндетті түрде жедел дәрігерге қаралу;
- аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларын бақылауда ұстау, сібір жарасына қарсы екпе жүргізу, үй иелерінің малдарды екпеге қатыстырмауы-аурудың кеңінен таралуына себепші болып, соның салдарынан адамдар ауыруы мүмкін.
- мал ауырған жағдайда ветеринар мамандарынан кеңес алу, ауру мал жатқан, сойған жерлерге басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде болуына тыйым салынады,
- дер кезінде медициналық көмекке жүгінсеңіз аурудан толық айығатыныңызды естен шағырмаңыз.
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
21 қараша 2024 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031