» » Сібір жарасы туралы не білесіз?

Сібір жарасы туралы не білесіз?

Сібір жарасы – жіті, аса қауіпті инфекция. Ойық жаралы гангреналы дерматит деп те аталады. Ауру көздері – ауру ауылшаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, марал, түйе және тағы басқалары). Ауру жануарлар қоршаған ортаға зәрмен, нәжіспен, сілекеймен қоздырғыш шығарады. Аурудың жұғу жолдарына тоқталсақ, жанасу арқылы ауру малды күту, малды сою, тері, жүнді өңдеу арқылы және бүргелер шағу арқылы терібубон обасы, ауа-тамшылы түрінде шаңды жұтқан жағдайда өкпе обасы, ал алиментарлық түрінде тағам арқылы ішек оба түрлері дамиды.
Сонымен қатар тасымалдаушылары – бүргелер және кеміргіштер. Оба таяқшалары кемірушілер денесінде 4-5 ай, бүргелер денесінде 1 жылға дейін тіршілік етеді.
Аурудың жасырын кезеңі 3-6 күн. Ауру аяқ астынан басталады. Науқастың дене қызуы 40 градусқа көтеріліп, басы айналып, құсып, іші өтеді. Есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Ал бүрге шаққан жағдайда шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті іші қанға толы бөрткен пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.
Профилактика ветеринариялық (жануарларды егу, ауру жануарларды анықтау және оқшаулау, малдың өлі терісін өртеу) және медициналық санитариялық шараларды жүргізуден тұрады.
Кездейсоқ базарлардан және белгісіз жеке тұлғалардан ет сатып алмағаныңыз абзал. Ветеринариялық мөрі болмаса және сатушының ветеринариялық ілеспе құжаттары болмаса ет сатып алу қауіпті. Тұтынбас бұрын етті жақсылап термиялық өңдеуден өткізіңіз. Егер эндемиялық аймақта тұрған болсаңыз немесе қоздырғышы болуы мүмкін топырақпен, жануарлармен немесе материалдармен жұмыс істесеңіз, дәрігеріңізбен вакцинациялау мүмкіндігін талқылаңыз.
Ауру жануарлармен немесе жұқпалы материалмен байланыста болған адамдарды 2 апталық белсенді медициналық бақылау қажет. Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып әртүрлі ерітінділер құйып, антибиотиктердің бірнеше түрі енгізіліп, гармондық препараттармен емдейді. Ауру ошағы дамыған жерге дератизация, дезинсекция, дезинфекция, санитариялық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
30 қазан 2024 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 103

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930